Главная Новости Теміржолшылар арасында тоғызқұмалақ пен үстел теннисінен жарыс өтті
08 сәуір 2024, 12:40 326

Теміржолшылар арасында тоғызқұмалақ пен үстел теннисінен жарыс өтті

Теміржолшылар арасында тоғызқұмалақ пен үстел теннисінен жарыс өтті

«Қазкөліккәсіп» ҚБ  Жамбыл филиалының ұйымдастыруымен  теміржолшылар арасында тоғызқұмалақ пен үстел теннисінен жарыс өтті.  Жүлдегерлер өз жеңістерін Қазақстан темір жолының 120 жылдығына арнады.

Тартысты өткен тоғызқұмалақшылар жарысында қалпына келтіру пойызы ВП-35 мекемесінің қызметкері Мейіржан Аярбеков ұлттық ойынның нағыз шебері ретінде танылып, жеңіс тұғырына көтерілді. Ал ЭЧ-21 электрмен жабдықтау дистанциясының электр монтері Мээрим Кочорбаева 2-орынды иеленді. 3-орынның жүлдесін олжалаған – ШЧ-36 белгі беру және байланыс дистанциясының байланыс механигі Зарина Анарбекова.

Үстел теннисінен өткен бәсекеде финалдық ойындар  жігіттер жағы жетті. Жүлделі орындарға таласқан ойыншылар арасында ӘТЖК диспетчері Бақыт Жанқожаның айы оңынан туды.  Ол  Талас станциясының пойыз құраушысы Алмаз Бөпбековті айқын басымдықпен жеңіп кетті. Алмаздың еншісіне тигені – жүлделі 2-орын. Ал ТЧЭ-31 машинисі Максим Есин үздік үштікті түйіндеді. Жолы болған жігіттер түгел кәсіподақтың арнайы жүлдесіне ие болды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: