Главная Новости Теміржолшылар «Еңбек қауіпсіздігі мәдениеті» бойынша оқу курсынан өтуде
27 февраля 2025, 11:54 1854

Теміржолшылар «Еңбек қауіпсіздігі мәдениеті» бойынша оқу курсынан өтуде

 Теміржолшылар «Еңбек қауіпсіздігі мәдениеті» бойынша оқу курсынан өтуде

Қызылорда өңірінде 1100-ден астам теміржолшы «Еңбек қауіпсіздігі мәдениеті» курсы бойынша оқудан өтті. Бұл курс қызметкерлердің еңбекті қорғау саласындағы хабардарлығын арттыруға бағытталған. Оқытуды ҚТЖ-ның ішкі жаттықтырушылары – өндірісте жазатайым оқиғаларды бастан өткерген қызметкерлер жүргізуде. Олар өз тәжірибесі арқылы қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын көрсетеді.

Курс теміржолшылардың өндірістік қауіпсіздік құзыреттерін дамытып, жазатайым оқиғалардың алдын алу құралдарын қолдануға үйретеді. Қатысушыларға зардап шеккендердің отбасылары мен туыстарының әңгімелері бар бейнефильмдер көрсетіліп, қауіпсіздік ережелерін бұзудың салдары тереңірек түсіндіріледі.

Бағдарлама жыл басында Жамбыл өңірінде басталып, жыл бойы барлық өңірлерді қамтиды. Ол корпоративтік қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, жарақаттану деңгейін төмендетуге және еңбек тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: