Главная Новости Теміржолшылар ғасыр жасаған анаға құрмет көрсетті
07 наурыз 2023, 15:19 1169

Теміржолшылар ғасыр жасаған анаға құрмет көрсетті

Теміржолшылар ғасыр жасаған анаға құрмет көрсетті

Халықаралық әйелдер күніне орай жамбылдық теміржолшылар 100 жасаған Бибігүл Рүстембекованы құттықтап барды.

Өмір бойы отағасы Мақатай Рүстембеков екеуі Түріксіб станциясында еңбек еткен кейуана бүгінде ұрпағының амандығын тілеп отыр. Кіндігінен тараған бес ұл-қыздан 27 немере 70-тен аса шөбере мен шөпшек сүйіп отыр екен. Тіпті бұл әулетті «Теміржолшылар әулеті» деп айтуға да толық негіз бар. Үлкен ұлы Өсер мен келіні Күлхадиша да болат жолда еңбек еткен.

– Сіздердің еңбек жолдарыңыз бізге өнеге. Нағыз өндірістің ортасында, еңбектің қайнауында болдыңыздар. Болат жолдың тарихында есімдеріңіз алтын әріппен жазылады. Қайсарлық пен табандылықтың, еңбекқорлықтың үлгісін көрсеттіңіздер. Қаншама ауыр еңбектің, қол күшімен жүргізілетін, күндіз-түні тынымсыз тіршіліктің ортасында жүрсеңіз де мінеки ұрпағыңыздың ортасында ғасыр жасап, қызығын қызықтап отырсыз. Аман болыңыз! Мерекеңізбен!, – деді Бибігүл анамызға құрметін көрсетіп, сый-сияпатын ұсынған "ЖТ Жамбыл бөлімшесінің" директоры Молдахмет Қожабеков.

Сондай-ақ, осы күні Жамбыл теліміндегі 500 аруға құрмет көрсетілді.

Ерман Әбдиев

"Қазақстан теміржолшысы"

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: