Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Астанадағы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның музейі соңғы жылдары құнды дүниелермен толыға түсті. Музей қазақ темір жолының алғашқы жобасын жасаған инженер әрі қоғам қайраткері Мұхамеджан Тынышбаевқа қатысты тың дүниелермен және миллионыншы транзиттік контейнердің құрметіне жасалған алтын жалатылған шағын контейнер құймасымен толыққан, деп хабарлады Rail-news.kz.
Аталған музейде бір ғасырдан асқан құнды жәдігерлер көп. Олардың басым көпшілігі теміржолшылар пайдаланған құрал-жабдықтар. ҚТЖ музейінің менеджері Ақмарал Молдашева үшін мұндағы әр экспонат құнды әрі ол бұйымдардың шығу тегі мен қай өлкеден жеткізілгені туралы сағаттап айтуға дайын.
Оның айтуынша, мұражай қоры жыл сайын құнды бұйымдармен толыға түсуде. Негізінен темір жолда жұмыс істеген азаматтардың ұрпақтары ата-бабасы пайдаланған дүниелерді музейге тапсыруды жөн көреді екен. Маман сөз арасында жақын күндері теміржолшылар әулеті аталары қолданған шамды музейге әкеліп тапсырғалы отырғанын айтты.

«Айтуларынша аталары 1950 жылдары пайдаланған шам екен, соны біздің музейде тұрса деп шешіпті. Музейімізге келген адамдарға теміржолда қолданылған заттар болса бізге өткізіңіздер деп үнемі айтып отырамын. Көбі ойланып қалады, үйлеріне барған соң «осындай зат бар» еді деп хабарласып жатады. Қазір музейімізде 900-дей экспонат бар, олардың барлығы заттай емес, табличка, граммота, басқа да құжаттарды санағанда», – дейді Ақмарал Молдашева.
Музейдегі кейбір бұйымдар осыдан бір ғасыр бұрын шыққан екен. Мәселен, Ресей теміржолдары облигациясы 1880 жылы шықса, Паравоз табличкасы 1915 жылғы екен, машинист көмекшісінің сөмкесіне (шарманка) 100 жылдан асыпты, сондай-ақ музейден ең алғашқы теміржолшылардың былғары белдігін тамашалауға болады, ол 1903 жылдары шыққан. Оған қоса бір ғасыр бұрын жарық көрген газеттер мен карталар да сақтаулы.

«Музейімізде Түркісібті салып жатқанда газетке жарияланған мақалалардың жиынтығы бар. Газеттегі темір жолға қатысты шыққан әр мақаланы қиып алып түптеп отырған ғой. Онда темір жолды салу барысындағы қиыншылық, жалпы теміржолшылардың жай-күйі жайлы мақалалар бар. Ондай құнды экспонаттар республикалық музейлердің өзінде де некен саяқ», – дейді музей жетекшісі.
Музейдің жұмыс істеп келе жатқанына көп болғанымен, қазақтан шыққан темір жол қатынастарының инженері, алашорда қозғалысының негізін салушылардың бірі Мұхамеджан Тынышбаевқа қатысты деректер мен бұйымдар мұражайда бертінде ғана пайда болыпты. Ақмарал Молдашева музейге жұмысқа келісімен темір жол саласын дамытуға үлес қосқан, әсіресе қазақтан шыққан тұлғалар жайлы деректермен толықтыруға басымдық берген. Қазір музейдің бір бұрышында қоғам қайраткеріне арнап стенд қойылған және үлкен портреті тұр. 2021 жылы Мұхамеджан Тынышбаевтың портретін оның жиен немересі музейге өз қолымен әкеліп тапсырыпты. Өйткені бұған дейін ол кісі музейде болғанда Тынышбаевқа қатысты бірде-бір мәлімет таба алмапты.

«Мұхамеджан Тынышбаев қазақ темір жолының атасы десек болады. Ол кісі Түркісіб темір жолының жобасын сызған адамдардың бірі. Еліміздің темір жол саласының дамуына зор үлес қосқан адамның музеймізде бір суретінің болмауы ұят болды. Қазір музейміздің бір қабырғасына әдемілеп М. Тынышбаевқа арналған стенд қойдық. Шағын галлереяда қоғам қайраткері жайлы мағлұматтармен тасыуға болады. Одан бөлек ол кісінің отбасына қатысты фотосуреттер қойылды. Сонымен қатар Түркісіб темір жолының сызбасы бар, авторы көрсетілмегенімен көпшілік оны М. Тынышбаевтың алғаш сызған картасы екенін айтуда», – дейді музей маманы.
Галлереядан Тынышбаевтың кенже ұлы Дәулеттің фотосын көруге болады. Ол кісі қазір тірі, АҚШ-та тұрады екен. М. Тынышбаев өте білімді азаматтардың бірі болған. Математика бағытындағы интернатты үздік бағамен бітіріпті. Кейін инженерлік мамандығы бойынша университетке қабылдауға өтініш жазады. Университетке қабылданғаны туралы да құжат сақталған, олардың көшірмесін музейден көруге болады.
«Ол кезде қазақ балаларының инженерлікке баруының өзі таңқаларлық жағдай болған. Тіптен, Дінмұхамед Қонаевтың өзі бұл кісіні пір тұтқан. Өз кітабында ол «Алғаш үлгі тұтқан адамым Тынышбаев» деп жазады. Соған қарап оның жай адам емес, білімді, көшбасшылардың өздері пір тұтқанын көреміз. М. Тынышбаев жазған көптеген еңбектері репрессияға ұшырағанда өртеніп кеткен. Ол кісі сондай-ақ мықты географ болған, Түркісібті салу жөніндегі жоспарды көргенде «бүйтіп қазақ даласында рельсті қалай салғалы жатырсыңдар» деп күліп жіберіпті. Даланы жақсы білгендіктен теміржолды қалай тарту керектігін өзі сызып көрсеткен екен. Солайша жұмсалғалы отырған қаражаттың көп бөлігін үнемдеп қалған. Өкінішке қарай еңбегінің нәтижесін өзі көре алмады. Түркісіб теміржолы Ақтоғай станциясында қосылып жатқанда ол кісі репрессияға ұшырап жатты. Кейін ол кісінің ешқандай кінәсі болмағаны анықталып, екі рет ақталған. Бізге жиені келгенде ол кісінің соңғы суретін көрсетті, ол жерде түрмеде қатты зорлық-зомбылық көргені, адам танымастай өзгергенін байқайсыз. Сондай-ақ кішкентай ұлына арнап суретін жіберген екен «Кішкентай Дәулетіме» деп өз қолымен жазған. Ол суреттің көшірмесі де біздің музейде сақтаулы», – дейді Ақмарал Молдашева.

Сондай-ақ музей 2021 жылы миллионыншы транзиттік контейнердің құрметіне жасалған алтын жалатылған шағын контейнер құймасымен толығыпты. Негізінен ол мемлекет басшысына табысталу керек болған, бірақ ҚТЖ-ның өз музейі бар екені ескеріліп, осында табысталған.
Музей жетекшісі сөз арасынада көшпелі көрме ұйымдастырудың қиынға соғатынын, дегенмен үлкен жиындарда ҚТЖ-ы бұрышын жасаса тиімді болатынын жеткізді.
«Көрме ұйымдастыру қиындау, заттар жоғалып қалады деп рұқсат бермейді. Өткен жылы Кәсіподақтың 30 жылдығына арналған жиында бір бұрышқа шағын көрме ұйымдастырдық. Басшылықтың бұл идеясы көпшілікке ұнады. Кеңейтілген отырысқа Ресей және өзге елдің теміржолшылары келді. Сонда біз ұйымдастырған музей бұрышын барлығы келіп тамашалады. Ол жерге Түркісібке қатысты заттар, шамдар және тағы басқа құнды бұйымдар қойдық. Үзіліс кезінде адамдардың барлығы келіп көрді. Мұндай жобаларды алдағы уақытта да жалғастыра түсу керек деп ойлаймын. Мәселен, ҚТЖ қатысатын жиналыстар, саммиттер көп, сондай кезде бір бұрышқа теміржол саласынан сыр шертетін дүниелерді қойсақ жақсы болар еді. Теміржол саласы қалай дамыды, осы күнге дейін қандай жолды жүріп өткенімізді көрсете білсек өз теміржолшыларымыз да бір марқайып, өз қызметіне деген құрметі арта түсер еді. Бұл заттарды көрген адамдардың музейде не бар екен деген қызығушылығы да ояна түседі», – дейді Ақмарал Молдашева.
Әділет Мұсахаев
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
42
09 декабря 12:49
ҚТЖ қызметкерлері Халықаралық еріктілер күнінде жоғары марапатқа ие болды