Главная Новости Теміржолшылар «нөлдік жарақат» үшін марапатталды
30 сәуір 2021, 08:04 1385

Теміржолшылар «нөлдік жарақат» үшін марапатталды

Теміржолшылар «нөлдік жарақат» үшін марапатталды

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы сенім сертификаттарын «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына табыс етті. Тапсыру барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өтті.

«Темір жолда бірқатар құрылымдық бөлімшелер 7, 10 және 15 жыл бойы өндірісте бір жазатайым оқиғасыз жұмыс істейді. Бұнда қызметкерлердің еңбек құқықтары сақталады, қауіпсіз жұмыс жағдайлары қамтамасыз етіледі және жоғары еңбек өнімділігі байқалады. Осындай нәтижеге қол жеткізу және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау үшін теміржолшылар алдын алу шараларын қолданады. Шараның басты мақсаты – әрбір теміржолшы жұмысқа байқампаз, ынталы, қызығушылық танытқан және оқытылған болып келуі тиіс», – деді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің директоры Берік Истлеев.

Сексеуіл локомотив пайдалану депосы, Өскемен вагон пайдалану депосы және Матай станциясы 1-класты сенім сертификатымен марапатталды. 1-класты сенім сертификаттары, 15 жылдан астам уақыт бойы өндірістік жарақатсыз жұмыс істеген желілік бөлімшелерге беріледі.

Семей станциясы, Илецк локомотив пайдалану депосы және Илецк вагон шаруашылығы бойынша желілік пайдалану бөлімшесі 2-класты сенім сертификаттарына ие болды. Олар 10 жылдан астам уақыт өндірістік жарақатсыз жұмыс істеді.

Қандыағаш локомотив пайдалану депосы, Маңғыстау вагон пайдалану депосы және Сексеуіл станциясы 3-класты сенім сертификатын алды, оларда жеті жыл ішінде бірде-бір жазатайым оқиға тіркелмеген.

Бұл құжат желілік бөлімшелерді еңбек заңнамасының талаптарын сақтау бойынша жоспарлы тексерулерден босатады.

«Біз 1-класты сенім сертификатын алғанымызға қуаныштымыз. Бұл біз «нөлдік жарақаттану» жолында тұрмыз дегенді білдіреді. Компания басшылығына өз қызметкерлеріне деген осындай қамқорлығы үшін алғысымызды білдіреміз және одан да үйлесімді жұмыс істеуге тырысамыз, тек қырағылық жарақаттың алдын алады», – деді Сексеуіл локомотив пайдалану депосы бастығының өндіріс жөніндегі орынбасары Еркебұлан Аяғанов.

Қандыағаш локомотив пайдалану депосының бас инженері Берік Әлидің айтуынша, еңбекті қорғау ережелерін бұлжытпай орындау – «нөлдік жарақаттанушылыққа» апаратын жол: «Біздің ұжым «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да әзірленген «Қауіпсіздіктің мінез-құлықтық диалогтары» мобильді қосымшасының белсенді пайдаланушысы болып табылады, осының арқасында жұмыс істеу әлдеқайда қауіпсіз бола түсті».

Осы жылдың бірінші тоқсанында өндірістік жарақатсыз Маңғыстау, Атырау, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Шымкент және Семей жол бөлімшелері жұмыс істегені атап өтілді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: