Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Семейлік теміржолшылар Түкібаевтар отбасы жыл сайынғы «Еңбек жолы» республикалық байқауының «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды, деп хабарлады Rail-news.kz.
Конкурсты Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі үздік еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлерін анықтау мақсатында өткізеді. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі елордада өтті. Теміржолшылар әулетіне құрметті атақ айтарлықтай жалпы еңбек өтілі мен таңдалған мамандыққа деген адалдықтары үшін беріліп отыр.
Салтанатты рәсімнен кейін еңбек әулетінің өкілдері «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы басшылығымен кездесті. Әңгімелесу барысында темір жолдың еңбек әулеттері жастардың еңбекке деген құрметін, өз кәсібіне деген мақтаныш сезімін тәрбиелеуге ықпал ететіндігі, оларды жаңа тәжірибемен байыта отырып, үздік білім беретіндігі атап өтілді.

Әр уақытта теміржолда Түкібаевтар отбасының 35 өкілі жұмыс істеп, жұмысын жалғастыруда. Әулеттің жалпы еңбек өтілі 580 жылдан асады. Әулеттің негізін қалаушылар – ағайынды үшеу – Маукен, Ілияс және Сыдық. Олар темір жолдағы еңбек жолын 30-шы жылдары бастап, Түркістан-Сібір темір жолының құрылысына қатысқан.
Маукен Түкібаев пойыз кондукторы, содан кейін станция бойынша кезекші болды. Ұлы Отан соғысы жылдарында станция бастығы болып жұмыс істеп, әскери оқ-дәрілер мен азық-түліктерді майданға үздіксіз және қауіпсіз жеткізуді қамтамасыз етуге үлес қосты. Оның ағалары Ілияс пен Сыдық Түкібаевтар жол аралықтарында жұмыс атқарды.

Балалары Маликриян Маукенович, Серікқан Ілиясұлы, Ғали Сыдықұлы және Зулкумар Сыдықұлы әкелерінің даңқты және ерен еңбегін абыроймен жалғастыруда.
Бүгінде темір жолда Түкібаевтар әулеті негізін қалаушылардың немерелері мен шөберелері жұмыс істеуде.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
82
10 декабря 11:56
Білікті маман Дастан Жүнісұлының еңбек жолы