Главная Новости Теміржолшылар soft skills бағдарламасы бойынша білім жетілдірді
02 сәуір 2021, 13:12 1515

Теміржолшылар soft skills бағдарламасы бойынша білім жетілдірді

Теміржолшылар soft skills бағдарламасы бойынша білім жетілдірді

Учаскелер бастықтары, өндірістік оқыту нұсқаушылары, «Северный» Жолаушылар тасымалы АҚ жөніндегі өңірлік филиалы мен «Экспресс» филиалының пойыз бастықтары қатарынан 30-ға жуық қызметкер soft skills бағдарламасы бойынша оқу оқып, сертификаттарға ие болды.

Оқыту бағдарламасы жұмыс ерекшелігін ескере отырып әзірленді және клиентке бағдарлануға, күйзеліске төзімділікке, жанжалдарды басқаруға, тиімді коммуникациялар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-да жолаушылар пойыздарында сервистік қызмет көрсетуге шамамен бес мың жолсерік тартылады және сервистік қызмет көрсету деңгейі олардың кәсібилік деңгейіне тікелей байланысты. Ұлттық тасымалдаушы жолаушылар вагондары паркін жаңарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде, жолаушылар вагондарын жұмсақ төсек-орын жабдықтарымен жарақтандыруға қойылатын талаптар қайта қаралып, бекітілді», – деді HR бизнес-серіктесі Алма Саулебаева.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар пойыздарының клинингі және санитарлық-гигиеналық құралдармен жабдықталуы жөніндегі стандарт бекітілді. Сондай-ақ, жолаушыларға қызмет көрсету кезінде пойыз бригадалары қызметкерлерінің сәлемдесуінің жаңа стандарты жұмысқа қабылданды.

«Пойыз бригадаларының үйлесімді және сапалы жұмысын жолаушылар вагондарының пойыз бригадаларының бастықтары, қоғам басшылығы мен жолаушылар вагондарының жолсеріктері арасындағы негізгі байланыстырушы буын болып табылатын Нұсқаушылар мен учаске бастықтары қамтамасыз етіп бақылайды. Оларды оқыту мен дамытуға ағымдағы жылы күш-жігер жұмсау жоспарланып отыр», – деді Алма Саулебаева.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: