Главная Новости Теміржолшылар су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көмектесуде
08 сәуір 2024, 11:19 486

Теміржолшылар су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көмектесуде

Теміржолшылар су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көмектесуде

Қапшағай станциясынан Шұбарқұдық станциясына теміржолшылар қысқа мерзімде көтергіштігі 20 тонна болатын ерекше жүк - понтондық-көпір паркін жеткізді.

Оны тасымалдауға 12 платформа тартылған. Жүктің құрамына 9 бірлік техника кірді: шынжыр табанды жүрістегі қалқымалы транспортер, қайықтар, үрлемелі қайық және басқалар. Әскери қызметшілердің жеке құрамы үшін арнайы вагон берілді. Жүк ҚТЖ желісі бойынша жүктерді жеткізудің нормативтік мерзімінен 4 есе асып, 48 сағат ішінде 2370 км жол жүріп жеткізілді. Ойыл ауданында көлік қатынасын қалпына келтіру және адамдарды, жануарларды, гуманитарлық жүктер мен техниканы тасымалдау үшін Ойыл өзенінің бойында 60 тоннаға дейінгі жүктемеге төтеп беретін құрылым орнатылған.

Автожолдың шайылып кетуіне байланысты тұрғындар мен азық-түлікті Атасу кентіне аудан орталығынан және кері қарай теміржол арқылы жеткізу ұйымдастырылды. Аягөз станциясынан Таңсық ауылын су басу қаупін болдырмау үшін темір жол арқылы фронтальды тиегіш жөнелтілді. Семей бөлімшесі арнайы техникамен жүктелген платформаны жедел жеткізуді ұйымдастырды. Су басу қаупі төнген Ақмола облысы Атбасар ауданы Ягодное ауылының тұрғындарын эвакуациялау үшін жүрісі жоғары жолаушылар автокөлігі берілді. Қапшағай станциясынан Алматы облысынан Орал және Атырау қалаларына 200 тоннадан астам гуманитарлық жүк жөнелтілді. ҚТЖ осы жүкті басымдықпен ілгерілету жөнінде шаралар қабылдайды. Орал станциясының қызметкерлері құтқарушылармен бірге бөгетті нығайтуға шықты.

Теміржолшылар 1,2 тоннадан астам гуманитарлық жүк жинады: азық-түлік және гигиена құралдары.

Атырау облысының су басқан аудандарынан тұрғындарды теміржол арқылы эвакуациялау жалғасуда. 2024 жылдың 7 сәуірі сағат 10.30-дағы жағдай бойынша 3688 жолаушы тасымалданды. Балқаш-Қарағанды бағыты бойынша адамдарды тасымалдау үшін қосымша вагондардың шығуы ұйымдастырылды.

Жалпы, теміржол штаттық режимде жұмыс істейді. Су тасқыны жағдайы-бақылауда. Жедел штаб жұмыс істейді. Толық дайындықта 45 шаюға қарсы пойыз, 47 өрт сөндіру пойызы бар. Ерейментау-Екібастұз учаскесіндегі бірлескен тактикалық оқу-жаттығуда төтенше жағдайларды жою бойынша іс-шаралар пысықталды, құлақтандыру және байланыс жүйесінің дайындығы тексерілді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: