Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының теміржолшылары ҰОС ардагері Төлеген Жүнісовке шипажайға жолдама алып берді. Ұлы Жеңістің 79 жылдығын қарсы алғалы отырған жүзден асқан ардагер қаладағы «Нұр» шипажайында демалады.
Бүгінде облыстағы көзі тірі санаулы соғыс ардагерінің бірі Аман Кубенов басқаратын Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының есебінде, ертеректе теміржолдың осы саласында еңбек еткен. Жеңіс мерекесі қарсаңында ұжым басшылығы мен кәсіподақ кеңесе келе қарт майдангерге осындай сыйлық жасауды ұйғарды. Сауықтыру шипажайында 10 күн ем-дом алып тынығуына жағдай жасап берді. Наурызда ақсақалды құттықтай барған бөлімше басшылығына ардагердің отбасынан осындай өтініші болғаны да назарға алынды. Шипажайдың құнын ортадан қаражат жинап дистанциялықтар өздері төледі.
Еске сала кетсек, байырғы теміржолшы ҰОС ардагері Төлеген Жүнісов 1923 жылы Тереңөзек ауданында дүниеге келген, соғысқа бастан-аяқ қатысып, майдандағы ерлігі үшін бірнеше орден-медальдармен марапатталған. Жеңісті Германияда қарсы алып, соғыстан кейінгі қалпына келтіру науқанына да қатыстып, елге оралған соң ұзақ жыл теміржолда еңбек етіп зейнетке шыққан.
– Жасы жүзден асқан ҰОС ардагеріміздің хал-ахуалын әрдайым назарда ұстап, мүмкіндігінше қолдау білдіріп отырамыз. Бүгін де дистанция басшылығымен атамызға амандаса барып, жолдамасын табыс етіп, батасын алып қайттық, – деді дистанцияның кәсіподақ ұйымының төрайымы Ғалия Қожахметова.
Сабырхан Сейілбекұлы
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
67
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
76
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы