Главная Новости Теміржолшылардың әлеуметтік жағдайы басты назарда
01 тамыз 2024, 15:19 946

Теміржолшылардың әлеуметтік жағдайы басты назарда

Теміржолшылардың әлеуметтік жағдайы басты назарда

Соңғы төрт жылда компания қызметкерлерінің жалақысын көтеруге 326,2 млрд теңге жұмсалып, соның нәтижесінде әр теміржолшының айлығы 2020 жылға қарағанда 2,3 есе өсті, яғни 204 мың теңгеден биыл 477 мың теңгеге көбейді.  

Бүгінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да штат саны 120 619 болса, іс жүзінде 112 983 адам еңбек етеді. Олардың 106 мыңнан астамы өндірістік персонал. Осы қызметкерлердің жалақысы былтырғы жылдың алғашқы жартысымен салыстырғанда 13 пайызға өсті.  

– Биыл желіде жұмыс істейтін персоналдың жалақысы жыл басынан бері 7 пайызға артты. Бұл бағытта компания тарапынан 44,2 млрд теңге бағытталды. Өндірістік персоналға Еңбекке қатысу коэффициенті қағидаты бойынша сыйақы беру ісін дамыту жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда осындай сыйақымен өндірістік персоналдың 97 пайызы, яғни 100 мыңнан астам адам қамтылды, – дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры Әлихан Қыраубаев.  

ҚТЖ бойынша орташа жалақы көлемі 2024 жылдың 1 тоқсаны нәтижесінде 482 938 теңге болды, бұл Қазақстан Республикасы бойынша орташа айлық жалақы көлемінен 26,3%-ға көп, себебі еліміз бойынша орташа айлық жалақы көлемі 382 279 теңгені құрайды.  

Департамент директоры теміржолшылардың әлеуметтік жағдайын арттыру жұмыстары жалғасын тауып, әлеуметтік пакет былтыр желтоқсан айында бекітілген 2024-2026 жылдарға арналған Ұжымдық шарт негізінде көрсетілетінін жеткізді.  

– Жаңа Ұжымдық шартта қолданыстағы әлеуметтік жеңілдіктер көлемі 20-50 пайызға артқан. Осы мақсаттарға бағытталған жылдық бюджет 20 млрд теңгеден 25 млрд теңгеге дейін арттырылды. Мәселен, бала туылғанда теміржолшыға 30-40 АЕК көлемінде, ал 4,5 класты станциялар мен бекеттердегі теміржолшылардың балалары дүниеге келгенде 40-50 АЕК көлемінде көмек беріледі. Сонымен қатар некеге тұрғанда 15-30 АЕК, тісін протездегенде 15-20 АЕК, шағын станцияларға барған жас мамандарға 25-40 АЕК, 1 қыркүйек білім күніне орай 2-4 АЕК, Мүгедектер күніне 10-20 АЕК, Отбасы күніне 4-5 АЕК, Балаларды қорғау күніне 5-6 АЕК, қайтыс болған қызметкерді жерлеуге 100-150 АЕК, қызметкердің қайтыс болған ата-анасын, әйелін немесе балаларын жерлеуге 50-70 АЕК көлемінде материалдық көмек қарастырылады. Ұжымдық шартқа сәйкес 8 наурызға 8 АЕК көлемінде сыйақы берілді. Сонымен бірге декретте отырған әйелдер де осы арулар мерекесінде сыйақысыз қалмайды, – дейді департамент директоры.  

Сонымен қатар компания 4 маңызды ресми мерекеге орай ең төменгі жалақы  көлемінде бір реттік сыйақы төлейді. Атап айтқанда, Наурыз мейрамында, Көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде, Республика және Тәуелсіздік күндерінде 85 мың теңгеден сыйақы беріледі.  

Теміржолшыларды сауықтыру іс-шараларының да маңызы өте зор. Санаторлы-курорттық сауықтыру барысында қызметкерлердің С.Сейфуллин шипажайында жыл сайын емделу, сондай-ақ сол санаторийде 1 және 4 тоқсанда жалақы деңгейі бойынша талаптарды есепке алмай-ақ демалу мүмкіндігі беріледі. Бұған қоса шипажайларға сатып алынатын жолдамалар саны мен материалдық көмек көлемі арттырылды. Қазақстандағы теміржолшылар арасында үлкен сұранысқа ие шипажайлармен меморандумға қол қойылды.  

Еркін түрдегі медициналық сақтандыру қызметі де жолға қойылған. Соның шеңберінде дәрі мен тіс дәрігеріне лимит көлемі 35 мың теңгеден 55 мың теңгеге көбейді. Осы бағытта компания тобы бойынша бірыңғай сақтандыру пакеті де бар. Соңғы уақытта жүктілік, босану барысын қадағалау, тұмауға қарсы екпе салу сияқты жаңа қызметтер қосылды. Компанияға қызмет көрсететін медициналық клиникадан тыс желілер бойынша ем алу, соның ішінде тіс емдеу, дәріханадан дәрі алу барысында шалғай аудан орталықтары мен ауылдарда, станциялар мен бекеттерде тұратын теміржолшылар шығыны өтеледі.  

Райхан Рахметова

Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: