Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Теміржолшылар қаласы атанған Арыста жер астынан шығып жатқан шипалы ыстық судың емдік қасиеті Сарыағаштан кем емес деседі. Кезінде сол жерде теміржолшылардың бастамасымен салынған төрт қабатты 200 орындық «Арыс» шипажайы күні бүгінге дейін жергілікті халыққа қызмет етіп келеді.
Әрине ұзақ жылдар теміржолдың балансында болып келген шипажай саладағы реформалық өзгерістерге орай, яғни әлеуметтік нысандардың жергілікті басқару орындарына берілуіне байланысты бүгінде жекеменшікке өткен. Дегенмен, жергілікті теміржолшылар сол баяғыша жолдама алып, денсаулықтарын шыңдауда.
– «Арыс» шипажайының кереметі – ол жерасты термалды ұңғымасынан келетін минералды су көзінен тұрады. Композицияның күрделілігі мен сілтілі жұмсақтықтың арқасында су ағзаға емдік ішу, асқазан-ішек жолдарын суару кезінде көп қырлы тиімді әсер етеді, құмды, ұсақ тастарды кетіруге көмектеседі. Бұл оңтүстік өңірінің тұрғындарына тән асқазанға тас жиналу, ішек, бүйрек ауруларын емдеуге бірден бір шипа, – дейді тұтас ғұмырын теміржол саласының дамуына арнаған құрметті теміржолшы Нұрғали Нұртаев.
Шымкенттік ардагер бір кездесуде Арыс қаласындағы теміржолшылар шипажайының тарихына қатысты естелігімен бөліскен болатын. 1979-1986 жылдары Алматы темір жолының Шымкент бөлімшесінде кәсіподақ ұйымын басқарған Нұрғали Нұртайұлын бөлімше басшысы Әуесхан Салықбаев шақырып, Арыста жер астынан шығып жатқан ыстық су көзіне шипажай салу мәселесіне қатысты Мәскеуге аттандырады.
«Арыстықтарға Алланың өзі беріп тұрған шипалы ыстық суды тиімді пайдалану үшін сол маңға шипажай идеясы көптен көтеріліп жүрген, бірақ Арыс әскери стратегиялық нысан орналасқан қала болғандықтан, оған Мәскеудегі әскери шенділердің арнайы рұқсаты керек еді. Салықбаев барлық беделі мен депутаттық мандатын пайдаланып, Мәскеуге дейін шығып осы шипажайды салуға барын салды. Бұл жолы да даладай кең кабинеттің төрінде сықиған генералдар менің әкелген хатыма пысқырып та қарамады. Бірі тұтас қабырғада ілініп тұрған картадан Арысты тауып алып, «ол жерде шипажай салу былай тұрсын, тіпті ешқандай да құрылыс жүргізуге болмайды» деп шорт кесті. Салым суға кетіп Салықбаевқа телефон соқтым. «Саспа, ертең тағы бар» деді. Әужекең сол кездегі жол басшыларымен жақсы еді, солардың ықпалы болды ма, ертесі барсам генералдарым жұмсарып қалыпты. Ақыры шипажай құрылысына рұқсат қағазға қол қойып берді. Мен кешкісі үш шендіні мейрамханаға апарып жақсылап сыйладым», – деп бір күліп алған еді ардагер.
Төрт қабатты «Арыс» емдеу-сауықтыру шипажайының құрылысы 1982 жылы басталып, 1984 жылы пайдалануға беріледі. Бүгінде шипажай тек жергілікті тұрғындарға ғана емес, еліміздің түкпір-түкпірінен келушілерге тиісті деңгейде қызмет көрсетіп келеді.
Нұрлыбек Досыбай
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
162
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»