Главная Новости Теміржолшыларға Қор активтерін жекешелендіру тәртібі түсіндірілді
06 қазан 2022, 14:00 998

Теміржолшыларға Қор активтерін жекешелендіру тәртібі түсіндірілді

Теміржолшыларға Қор активтерін жекешелендіру тәртібі түсіндірілді

«Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-ның орталық кеңсесінде IPO бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуі болып өтті, деп хабарлады Rail-news.kz.

«Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазпошта» АҚ, қор биржалары мен брокерлік-дилерлік ұйымдарының өкілдері ҚТЖ және оның еншілес ұйымдары қызметкерлеріне ұлттық компаниялардың акцияларын сатып алу мүмкіндіктері, бағалы қағаздарды сату тетіктері және инвестициялау тәуекелдері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Қазақстанның кез келген азаматы акцияларды сатып алуға, ірі компаниялардың тең иесі атануға және инвестициялаудан пайда табуға ие  бола алады. Қазақстандықтар акцияларды сатып алуға пошта бөлімшелері мен брокерлік-дилерлік ұйымдар арқылы өтінім бере алады.

«Самұрық-Қазына» қорының қоржындық компаниялары арасында IPO-ның бірінші кандидаты «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ болып табылады. Жетекші мұнай-газ компаниясын жекешелендіру биылға жоспарланған.

Спикерлер кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, алаяқтар туралы ескертті және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: