Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Амандық болса, тағы бірнеше жылдан кейін елдің бір шетінде орналасқан аядай ғана Болашақ станциясының атын әлемге әйгілі етер шабандоз өсіп келеді. Ол Саясат есімді 11 жасар жеткіншек. Талабы таудай ұл теміржолшының отбасында тәрбиеленуде.
Жақында облыстық деңгейде өткен тай жарысында бас жүлдені жеңіп алған Саясаттың жеңісіне бүкіл Болашақ халқы қуанды. Оның ішінде, әрине, әкесі еңбек ететін теміржолшылар ұжымы алдымен. Кіл жүйрік жылқы тұқымдарынан шыққан 32 тайдың арасынан Саясат Аюповтың қылқұйрығы бірінші келгені қазақтың атбегілік өнерін дамытып келе жатқан Маңғыстау электрмен жабдықтау дистанциясының қызметкері Нұржігіт Аюпов еңбегінің жемісі деп білген жөн.
Теміржолшының баптап қосқан тұлпарлары да, шабандоз баласы да жерге қаратпады. Тұлпарлары дегеніміз, осы аламанда тай жарысынан бірінші орын алса, 24 шақырымға жарыстан теміржолшының тағы бір бәйге аты бесінші орыннан көрінді. Құланды ауылының 40 жылдық мерейтойына арналып ұйымдастырылған атшабысқа ол адай тұқымды «Ынтымақ» атты тайы мен «Шаһар» атты бес жасар бестісін баптап қосқан.
«Бұл – біз үшін үлкен мерей, зор қуаныш. «Болар баланың бетін қақпа, белін бу» дейді. Сондықтан біз де шабандоз өренімізге шабыт сыйлап, алғысымызды білдіру үшін мектепке барып құттықтадық. Ауыл әкімі алғыс хатпен марапаттап, теміржолшылар сыйлықтарын табыстады. Естуімізше, Саясаттың ұлттық өнермен айналыса бастағанына үш жылдай болыпты. Аз ғана уақыттың ішінде осындай нәтиже көрсетуі – бапкері мықтылығының және өзінің алғырлығының белгісі. Баласы мен аттарын баптап, бәйгеге қосып жүрген замандасымыз Нұржігіт Аюпов Маңғыстау электрмен жабдықтау дистанциясында екі жылдан бері еңбек етеді. Жұмысына қоса жылқы шаруашылығымен, атбегілікпен айналысады. Бұл – оған атадан балаға мирас болған кәсіп. Ұлын да соған шыңдап жүрген жерлесіміздің еңбегі жана берсін дейміз», – дейді Болашақ станциясының басшысы Мақсат Нұрбеков.
Саясаттың айтуынша, бәйгеден бас жүлдені алған тайы мұндай аламанға алғаш түсіп тұр екен. Ілкі қадамын осындай сәттілікпен бастаған «Ынтымағынан» шабандоз жеткіншектің күтері көп. Арманы – қазақтың ұлттық өнерін дамытуға үлес қосып елге танымал шабандоз болу.
Шахида Жұман
Дереккөз: «Қазақстан теміржолшысы»
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
252
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи