Главная Новости Тепловоздар енді дизельмен емес, табиғи газбен жүреді
30 қараша 2021, 10:11 1758

Тепловоздар енді дизельмен емес, табиғи газбен жүреді

Тепловоздар енді дизельмен емес, табиғи газбен жүреді

«Қазақстан Темір Жолы» ҰК»АҚ мен канадалық Condor Petroleum Inc компаниясы арасында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының локомотив паркін дизель отынынан сұйытылған табиғи газға ауыстыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру бойынша келісімге қол қойылды.

Аталған келісім тепловоздарда сұйытылған табиғи газды (СТГ) қолдану жөніндегі жүйелерді әзірлеуге, сынақтан өткізуге және енгізуге бағытталған бірнеше шаралар кешенін қамтып отыр. Атап айтсақ, темір жол көлігіндегі локомотивтер үшін отын ретінде СТГ қолдану бойынша идеялармен, біліммен және тәжірибемен алмасу; пилоттық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (жол картасын) бекіту; пилоттық жобаны сынау/зерттеу шарттарын анықтау; пилоттық жоба үшін қажетті нормативтік және техникалық құжаттаманы әзірлеу; пилоттық жобаның нәтижелері бойынша локомотивтерді СТГ-ға ауыстыру бойынша экономикалық тиімділікке бағалау жүргізу.

Алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қ. Әлмағамбетовтың 2021 жылғы 18 қарашадағы №160-ЦЗр бұйрығымен, яғни «ҚазТрансГаз», «ҚазТрансГаз Өнімдері» және «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС мамандарын тарта отырып, «ҚТЖ» ҰК» АҚ және Condor Petroleum Inc компанияларының қатысуымен бірлескен жұмыс тобы құрылған болатын. Жұмыс тобы локомотив паркін дизель отынынан сұйытылған табиғи газға ауыстыру жөніндегі пилоттық жобаны енгізуді ұйымдастыратын болады.

«Тепловоздарды газомоторлық отынға ауыстыру бойынша жоба жұмысы екі жыл бұрын басталды. Биыл бұл жобаға қатысты жұмыс тобына әлемдік көшбасшы компаниялар қатарынан табылатын Condor Petroleum Inc қосылып отыр. Бұл канадалық компания «ҚазТрансГаз» компаниясымен ынтымақтастықта Қазақстан республикасында газомоторлық отынның желісін кеңейтуді көздеп отыр. Бұл біз үшін маңызды әрі қызықты, өйткені, біз тепловоздарымызды дизельді отыннан бөлек, екінші отын түрі – көгілдір отынға, яки сұйытылған табиғи газға ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Жұмыс тобында біз техникалық шешімдерді қарастыратын боламыз және тепловоздарды газомоторлық отынға ауыстыру бойынша жұмыстарымыз одан әрмен қарай жемісті болады деген ойдамыз», – деп ой түйіндеді «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Котырев.

Халықаралық мұнай-газ компаниясы болып табылатын Condor Petroleum Inc-ке келер болсақ, оның бас кеңсесі Канаданың Калгари қаласында орналасқан. Компанияның негізгі қызметі Қазақстан Республикасында және Шығыс Еуропада мұнайды, газды барлау және өндіру, сұйытылған табиғи газды өндіру жөніндегі модульдік зауыттарды салу. Қазақстанның мұнай-газ саласында 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеп жатқан Condor Petroleum компаниясының ел экономикасына салған инвестиция көлемі $250 млн-нан асады деген ақпарат та бар. Қазақстанның батысында мұнай өндіретін канадалық Condor Petroleum билік органдарымен елде СТГ өндіру зауытын салу туралы келіссөздер жүргізгені де белгілі болып отыр.

Сұлугүл Бакесова

Дереккөз: «Қазақстан теміржолшысы»
 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: