Главная Новости Термез халықаралық әуежайы екі ай жұмысын тоқтатады
21 қазан 2022, 11:15 1121

Термез халықаралық әуежайы екі ай жұмысын тоқтатады

Термез халықаралық әуежайы екі ай жұмысын тоқтатады

Термез халықаралық әуежайында жаңа аэродром кешенін пайдалануға беруге дайындық көру мақсатында әуежай екі айға жуық жұмысын тоқтатады, деп хабарлады UzA.

Uzbekistan Airports-тың хабарлауынша, Термез халықаралық әуежайы жаңа әуежай кешенін пайдалануға беруге дайындық жұмыстарына байланысты 2022 жыл 1 қарашадан 25 желтоқсанға дейін ұшақтарды қабылдауды және жіберуді уақытша тоқтатады.

Қазіргі кезде үзындығы 3 мың, ені 60 метр болатын жаңа ұшу-қону жолағының құрылысы аяқталған.

Екі айға жуық уақытта жаңа ұшу-қону жолағын перронмен қосу, сондай-ақ жаңа CAT-I ICAO жарықтандыру-сигнал жүйесін, метеорологиялық және радионавигациялық қону жүйелерін орнату жұмыстарын аяқтау жоспарлануда, делінген хабарламада.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: