Главная Новости ТХКБ артықшылықтары экспорттың өсуін қамтамасыз етеді
24 қаңтар 2024, 15:07 694

ТХКБ артықшылықтары экспорттың өсуін қамтамасыз етеді

ТХКБ артықшылықтары экспорттың өсуін қамтамасыз етеді

Елордада «ӘТЖ» ЖАҚ және ірі отандық экспорттаушылардың қатысуымен «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның ұйымдастырған  халықаралық дөңгелек үстел өтті. Іс-шарада отандық экспорттаушылардың жүктерін әлемдік нарықтарға барынша жылдам және экономикалық тұрғыда тиімді жеткізуге мүмкіндік беретін Транскаспий халықаралық көлік бағдарының артықшылықтары мен мүмкіндіктері талқыланды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар – қазақстандық бизнесті, экспорттаушыларды (тау-кен өндіру, мұнай-химия, аграрлық және басқа да өнімдер) таныстырды, ірі жүк жөнелтушілер өз сұрақтарын тікелей қоя алды, ұсыныстар енгізді және жүк тасымалдарын ұйымдастырудағы өзара іс-қимылдың, ТХКБ бойынша тасымалдарды дамытудың негізгі мәселелерін талқылай алды.

Жалпы, іс-шараның күн тәртібі ауқымды болды – жүк тарифтері мен номенклатураларынан басқа, кедендік ресімдеу, кеме партиялары, споттық нарықтар, биржалық баға белгілеулер, экспорттаушылардың өнімді тасымалдауға жұмсайтын шығындарын азайту және басқа да мәселелер қозғалды. Сөз сөйлегендер кедендік рәсімдерді жетілдіру, көлік-логистикалық секторды жаңғырту, халықаралық дәлізде көлік қызметтерін цифрландыру, логистикалық саясатты қалыптастыру және іске асыру туралы айтты.

Экспорттаушылар ҚТЖ-ның отандық өндірушілерді қолдау бойынша жүргізіп жатқан саясатының арқасында көптеген кәсіпорындар өз өнімдерін алыс қашықтыққа жеткізе бастағанын атап өтті. Ол үшін ҚТЖ ТХКБ-ның «жұмсақ және қатты инфрақұрылымын» дамыту, Қазақстан аумағында да, елден тыс жерлерде де логистикалық қызметтер сервисін арттыру бойынша жұмыстарды белсенді жүргізеді.

«ТХКБ бойынша 2023 жылы жүктерді тасымалдау 2,8 млн тоннаны құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 86% өсті (өсім 1,5 млн тонна). Бүгінгі таңда бағдар бәсекеге қабілетті жеткізу мерзімін ұсынады – орташа есеппен 12 күн. Орта мерзімді перспективада біз дәліз бойынша жүк тасымалдау көлемін 10 млн. тоннаға дейін жеткізуге мүдделіміз», – деп атап өтті «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының логистика жөніндегі орынбасары Ерлан Қойшыбаев.

Жүк жөнелтушілер, экспорттаушылар жұмыста оң нәтижелерге қол жеткізу үшін өз сұрақтары мен ұсыныстарын айтты.

Сонымен қатар, Әзірбайжан теміржолшыларының Қазақстанға сапары аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдерімен, қазақстандық экспорттаушылармен, логистикалық компаниялармен және жүк жөнелтушілермен бірқатар жұмыс кездесулері мен келіссөздер болып өтті.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: