Главная Новости TХКБ бойынша кері маршрут: Бакуден Сианға алғашқы контейнерлік пойыз
26 қараша 2024, 13:24 45

TХКБ бойынша кері маршрут: Бакуден Сианға алғашқы контейнерлік пойыз

TХКБ бойынша кері маршрут: Бакуден Сианға алғашқы контейнерлік пойыз

Қазақстан арқылы Бакуден (Әзірбайжан) Сианға (ҚХР) ТХКБ кері маршруты бойынша алғашқы контейнерлік пойызды іске қосу рәсімі өтті.

Мұнай коксы бар 62 контейнерден тұратын пойыз "кері тиеу" шеңберінде Транскаспий көлік бағдары (ТХКБ) бойынша өтеді және бар болғаны 12 тәуліктің ішінде межелі жерге жетеді.

Сервисті "KTZ Express" АҚ ("Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ еншілес ұйымы) X’ian Free Trade Port (ҚХР), Absheron Logistics және ADY Express (Әзірбайжан) серіктестіктерімен ұйымдастырды. Бұл бағыт Батыс пен Еуропа арасында жүктерді тиімді және жылдам тасымалдау үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Бүгінгі таңда TХКБ сенімді және қауіпсіз бағыт болып табылады, ол тасымалдау мерзімін қысқартып қана қоймай, жүктерді тасымалдаудың сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Осыған ұқсас жүк бұрын Трабзон порты арқылы автофурлармен жеткізіліп, кейіннен Қытайға теңіз арқылы тасымалданды, бұл 40 күннен астам уақытты алды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: