Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Жаңа жыл қарсаңында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-де «Тілектер шыршасы» қайырымдылық акциясы өтті.
Теміржолшылар мейірімді сиқыршыларға айналды және ерекше қажеттіліктері бар балалар мен теміржол қызметкерлерінің көп балалы отбасыларына қуаныш сыйлады. Орталық аппаратта балалардың тілектері жазылған "шырша" орнатылды. Балалар хаттарын құрылымдық бөлімше басшылары алып оқыды.
Бас директор Владимир Петров және Адами ресурстарды басқару және әлеуметтік саясат департаментінің атқарушы директоры Әділжан Исмұхамбетов Астана эксплуатациялық локомотив депосының ЛТҚКП-дың ауысым шебері Дәурен Нұрхановтың көп балалы отбасына қонаққа барды.
Жеті бала тәрбиелеп отырған тату отбасы қоныс тойына дайындалуда. Жаңа пәтердің кілттері келесі жылдың қаңтарында беріледі. Оларға теледидар сыйға тартылып, келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, зор денсаулық, амандық пен бақыт тіледі.
Дегелен станциясында вагон депосының қызметкері Сүният Тарахановтың көп балалы отбасын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. Оларға ноутбук берілді.

Сондай-ақ, Жамбыл локомотив пайдалану депосының тепловоз машинисі Асқар Байтасовтың отбасына барды, онда 7 бала тәрбиеленуде. Үлкен баласы – 13 жаста, ал кішісі – бірнеше айлық. Отбасы Түймекент ауылында тұрады.
Басқа балалар да назардан тыс қалмады. Он бір жасар Руслана ән айтқанды ұнатады және әйгілі әнші болуды армандайды, ол бұл туралы «Тілектер шыршасына» да жазып, оған блютуз микрофонын беруді өтінген. Оның ағасы тоғыз жасар Прохор Аяз Атадан өзінің қалаған тілегін орындауды өтінді: жақындары әрқашан сау болып, оған музыкалық колонка сыйлауды өтініп сұрапты. Балаларды бір әке тәрбиелейді.
Жеті жасар Айсана өзінің ашықхатында кереметке сенетінін және жаңа жыл қарсаңында барлық тілектер орындалатынын нақты білетінін жазған. Қызда мидың ауыр ауруы – гидроцефалия. Аяз Атадан ол өзінің сүйікті мультфильмдерін көру үшін планшет немесе смартфон сұрады.
Екі апалы-сіңлілі Алина мен Данельді тәтесі тәрбиелеп отыр. Қыздар дарынды, сурет салуды, тоқуды жақсы көреді. Сыйлық ретінде олар шығармашылық пен қолөнер жиынтықтарын сұрады.
«Тілектер шыршасы» қайырымдылық акциясы Жаңа жылдық игі дәстүрге айналды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
162
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»