Главная Новости Тимур Сүлейменов Ұлттық банк басшысы болып тағайындалды
04 қыркүйек 2023, 09:31 1851

Тимур Сүлейменов Ұлттық банк басшысы болып тағайындалды

Тимур Сүлейменов Ұлттық банк басшысы болып тағайындалды

Бұл қызметті оған дейін Ғалымжан Пірматов атқарған еді.

Сенат Тимур Мұратұлы Сүлейменовтің Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы болып тағайындалуына келісім берді, деп хабарлады Информбюро порталы ҚР Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Палата отырысында мемлекет басшысының ұсынуын Президент әкімшілігінің басшысы Олжас Бектенов оқып берді. Айта кетейік, Конституцияға сәйкес ел Президентінің Ұлттық банк төрағасын тағайындауына келісім беру Сенаттың ерекше қарауына жатады", – делінген хабарламада. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде басқару құрылымының өзгеруіне байланысты Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары лауазымынан босатылған еді. 

Осыған дейін бұл қызметті Ғалымжан Олжаұлы Пірматов атқарған еді. Ол Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы лауазымынан босатылды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: