Главная Новости Тоқаев: Еңбек дауларын көшеде, алаңда емес, келіссөз үстелінің басында шешу – жалғыз ғана жол
07 қараша 2022, 12:26 1019

Тоқаев: Еңбек дауларын көшеде, алаңда емес, келіссөз үстелінің басында шешу – жалғыз ғана жол

Тоқаев: Еңбек дауларын көшеде, алаңда емес, келіссөз үстелінің басында шешу – жалғыз ғана жол

Президент Маңғыстауда осындай жағдайлар сындарлы диалог арқылы шешіле бастағанын құптайтынын жеткізді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына жасаған сапары барысында өңірдегі еңбек даулары мәселесіне арнайы тоқталды.

«Маңғыстауда еңбек даулары жиі болып жататыны жасырын емес. Мен бұл жағдайдан толық хабардармын. Еңбек даулары қатаң түрде заң аясында шешілуге тиіс. Осы маңызды жұмысқа тәуелсіз кәсіподақтар белсене атсалысуы қажет. Өңірде бұл сала барынша қарқынды дамып келеді. Өте дұрыс, мен мұны қолдаймын. Мықты азаматтық қоғам қалыптастыра алсақ, бұдан ешкім ұтылмайтыны анық. Адам құқығын, оның ішінде еңбек адамының құқығын қорғау әрдайым басты назарда болуға тиіс», – деді президент.

Мемлекет басшысы еңбек дауларын шешудің жалғыз жолы – көшеде, алаңда емес, келіссөз үстелінің басында шешу екенін нықтап айтты.

«Маңғыстауда осындай жағдайлар сындарлы диалог арқылы шешіле бастағаны құптарлық жайт. Жалпы, еңбек даулары – жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы мәселе. Оны тараптардың мүмкіндігін және мүддесін мұқият ескере отырып, ортақ мәміле арқылы шешу – негізгі міндет», – деді президент.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: