Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қазіргі таңда "Қазақстан темір жолы" компаниясында 52 мың жас қызметкер жұмыс істесе, бұл ондағы еңбек ұжымының 39% құрайды. Тиісті мәлімет «ҚТЖ» ҰК» АҚ ІХ Республикалық жастар форумының қорытындысында айтылды.
Форум қатысушылары алдында сөйлеген сөзінде Басқарма төрағасының корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары Серік Әбденов жастар саясатын жүзеге асыру үшін жыл сайынғы дәстүрлі іс-шара өткізудің маңызына тоқталды, деп хабарлайды Ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
Сондай-ақ құрылтай қатысушылары алдында тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров те сөз алды. Батыр тұлға талантты да білімді қызметкерлердің көліктік-логистика саласын сәтті дамытуға қосар үлесін атап көрсетті.
Форумда "Менеджмент жобасы" және "Болашақ басқарушылар" байқауларының жеңімпаздарына дипломдар табыс етілді.
Өңірлер деңгейінде 198 жоба ұсынылса, соның ішінен республикалық деңгейде мақұлданған 45 жоба таңдап алынды. Осы жұмыстардың ішінен үш жоба: "Сигналист" датчигі, "ҚТЖ Smart" және "Түйіспесіз жолдардың жағдайын бақылауға арналған бағдарлама" туындыларының иегерлері үздіктер қатарынан табылды.
Жиырма жас маман "Жас кәсіби маман" сыйлығының лауреаты атанды. Форумда сондай-ақ "Жастар көзқарасы", "Есімізде, мақтанамыз, мұрагеріміз" және "Мерейлі жас теміржол отбасы" жеңімпаздары мараптталды.
Форум өткізілген кезеңде екі мыңға тарта адам әртүрлі жобаларға қатысты, нәтижесінде 70 жас қызметкер мансабында өсті.
ІХ Республикалық жастар форумына барлық өңірлік темір жол бөлімшелерінің 300 тарта жас қызметкері қатысты.


116
23 апреля 20:07
Как «Самрук-Қазына» привлекает финансирование: новые рынки, валюты и баланс рисков
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
151
22 апреля 12:27
Түркістан әуежайына арналған мұнай базасын «ҚазМұнайГаздың» еншілес компаниясы салады
156
21 апреля 16:30
Қарағандылық теміржолшы әлемдік ареналарға жол тартты