Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Ол өткен апта бойы өңірлерде жұмыс сапарымен жүрген дивизион басшысы және компанияның аймақтардағы өкілдерінің есептерін тыңдады.
Басқарма төрағасының ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі орынбасары Амангелді Саттаров басқаратын 4-ші дивизионның құрамына Астана қаласында, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында салынып жатқан 113 жайлы мектеп кіреді.
2024 жылдың 1 қыркүйегіне дейін тапсырылатын 98 мектептің 42-сі осы өңірлерде салынуда. Сондықтан 4-ші дивизионға жүктелген міндет орасан. Дегенмен, шешілмеген бірқатар мәселе бар. Оқу жылы басталғанша пайдалануға берілетін мектептердің нақты тізімін анықтап, бекіту қажет.
Жиын қорытындысы бойынша Басқарма төрағасы бірқатар нақты тапсырмалар берді:
- 4-ші дивизионның аймақтық өкілдері мектептердің құрылыс алаңдарын жүйелі түрде аралап отыруға тиіс;
- жергілікті жерлерде туындаған барлық проблемалық мәселелерді тез және тиімді шешу;
- консорциумдар құрамындағы жобалау ұйымдарының жұмысын қатаң бақылау;
- 15 мамырға дейін бірінші кезеңдегі барлық жайлы мектептердің ЖСҚ мемлекеттік сараптама қорытындысын алуы тиіс;
- барлық нысандардың бас жоспарларын қайта қарау және бекіту;
- мектеп айналасына аса берік қоршау орнату мәселесін пысықтау;
- барлық қажетті құжаттар мен есептерді онлайн кросс-платформаға жүктеу бойынша мердігерлерге қосымша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- қауіп-қатерлерге толық және терең талдау жасап, олардың алдын алу бойынша ұсыныстар енгізу.
Айта кетейік, барлық жайлы мектептер өңірлер бойынша 4 дивизионға бөлінді. Әр дивизионға жауапты басшы тағайындалды. Басқарма төрағасының айтуынша, бұл басы артық бюрократиядан бас тартып, міндеттердің өзара тең бөлінуін қамтамасыз етеді.