Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
"KTZ Express" АҚ және "QazTrade" АҚ экспорттық әлеуетін дамыту жөніндегі ынтымақтастық шеңберінде пәкістандық "National Logistics Corporation" (NLC) логистикалық операторымен серіктестікте Ауғанстан мен Пәкістан арқылы Джебель-Әли портына (БАӘ) пилоттық мультимодальды тасымалдауды жүзеге асырды.
Көлік тізбегі 27 сәуірде "Павлодар" АЭА-да өнімді 21 тоннадан екі фураға тиеуден және "Жетіген" КЛО-ға жөнелтуден басталып, онда 40 футтық екі теңіз контейнеріне қайта тиеу жүзеге асырылды. Әрі қарай контейнерлер тіркемесі бар жүк көліктеріне орнатылып, Пәкістанның Карачи портына жөнелтілді. Карачиге жүк 20 күнде келіп, 4900 км жүріп өтті.
1 маусымда контейнерлер фидерлік кемеге тиеліп, 3 маусымда Джебель-Әли портына жеткізілді. Тасымалдаудың жалпы мерзімі 38 күнді құрады, бұл клиент үшін ең тиімді шешім болды. Осы бағыт бойынша маусым-шілде айларында барлығы 60 контейнер тасымалдау жоспарлануда.

Бұл пилоттық жоба "KTZ Express" АҚ мен серіктестердің үйлесімді жұмысының нәтижесі, сондай-ақ қазақстандық экспорттаушылардың Таяу Шығыс, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің нысаналы нарықтарына өнім жеткізу мүмкіндіктерін кеңейтетін мультимодальды сервис болып табылады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
131
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»