Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Транскаспий бағдары бойынша жүк тасымалы 2,5 есе артты. Өткен 8 айда бағдар арқылы 1,3 млн тонна жүк тасымалданған. Бұл туралы теңіз порттары және ТХҚБ арқылы жүк тасымалы бойынша өткен отырыста айтылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Бүгінгі таңда аталған бағдардың көліктік инфрақұрылымы арқылы 6 млн тоннаға жуық, соның ішінде 80 мың ЖФЭ көлемінде жүк тасымалдауға мүмкіндік бар. Оған қоса Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы да жүк тасымалының көлемі артып отыр. Аталған мерзім аралығында Қазақстанның теңіз порттары арқылы Әзербайжан бағытына 1,9 млн тонна жүк тасымалданыпты, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 2,1 есе көп.
Транскаспий халықаралық көлік бағдары немесе Middle Corridor Қазақстан, Әзербайжан, Грузия аумағы арқылы Қытайдан Еуропаға дейін созылып жатыр, бұл бағдар тауар тасымалдауда тиімді сауда дәлізі ретінде қарастырылады.
«Ресей мен Белоруссияға қатысты салынған санкциялар көпке дейін созылады. Бұл Солтүстік сауда бағдары әзір ашылмайтынын білдіреді. Соның есебімен Транскаспий бағдарының әлеуеті артады. Оның үстіне сауда дәлізіне Жібек жолын жаңғырту бойынша «Бір белдеу. Бір жол» жаһандық бастамасын жүзеге асыратын тек Қытай тарапынан ғана емес, сонымен қатар Еуропа елдерінен де қызығушылық басым екенін көріп отырмыз», – дейді KPMG Caspian жеткізу тізбегі басқармасының практикалық аға консультанты Тимур Қожахметов.
Нұрай СӘРСЕНҒАЛИ
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
264
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи