Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
2024 жылдың 7 айында Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы шамамен 4,2 млн тонна жүк тасымалданған, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде сақталды. Бұл ретте Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жүк тасымалы көлемі 63%-ға өсіп, 2,5 млн тоннаны құрады. Қытай транзитінің 14 еседен астам өсуі байқалады. Жыл сайын осы бағыт бойынша жүктер номенклатурасы кеңейіп келеді. Бұл мәліметтерді ОКҚ алаңында ҚР Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Қасым Тілепов хабарлады.
Биыл Ақтау және Құрық порттары арқылы шамамен 8 млн тонна, оның ішінде ТХКБ бойынша – 4,2 млн тоннаны өткізу жоспарлануда.
«Экспорт және транзитпен қатар импорттық жүк ағынының 50%-ға өсуі байқалады. Бұл өз кезегінде еуропалық компаниялардың Транскаспий халықаралық көлік бағытына деген қызығушылығын көрсетеді. Бұл факторға соңғы жылдары қабылданған ТХКБ дамыту бойынша кешенді шаралар ықпал етті. Биыл Қытай тарапымен екі келісім ратификацияланды, Сианьда қазақстандық терминал ашылды. Шекарадан өту кезінде кедендік рәсімдерді жеңілдету жөнінде шаралар қабылданды, Қытай тарапымен өз экспорттаушыларына субсидиялар беру пысықталды. Мемлекет басшысының Транскаспий бағытында жүктерді тасымалдау көлемін 5 есеге арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау үшін 2028 жылға дейін теңіз инфрақұрылымын дамытудың кешенді жоспары қабылданды», – деді Тілепов.
Кешенді жоспарда Ақтау портында қосымша контейнерлік терминалдық қуаттарды, Құрық портында 4 жаңа терминалды құру, теңіз порттарының акваториясын тереңдету, айлақтарды жаңғырту және қайта тиеу техникасын жаңарту көзделген. Бұдан бөлек, құжатта логистика, сабақтас салаларды дамыту, кедендік және әкімшілік рәсімдерді жеңілдету, сондай-ақ ТХКБ және Солтүстік-Оңтүстік дәліздерін цифрландыру көзделген. Контейнерлерді ауыстырып тиеудің өткізу қабілетін 3 есеге арттыру; транзиттік жүк тасымалын 2 есеге ұлғайту; порттарда кемелерді өңдеу және жүктерді ресімдеу уақытын 1,5 есе азайту күтілуде.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
69
11 декабря 11:49
«Самрук-Қазына» представил планы по новым IPO на AIFC Connect в Абу-Даби