Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Түрікменстанда «Ашхабад процесі: өзара тәуелділікті нығайту» тақырыбында халықаралық конференция өтті. Алқалы басқосуға теңізге шыға алмайтын 30-дан астам мемлекеттің өкілі қатысты. Қазақстандық делегацияны Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов бастап барды, деп хабарлады Rail-news.kz.
Жиында Алмаз Ыдырысов баяндама жасап, көлік-логистикалық кешені саласындағы бірқатар мәселелерге назар аударды. Ол өз сөзінде бүгінде пандемия салдарынан көлік саласында жаһандық өзгерістер орын алып жатқанын атап өтіп, осыған орай жүк көлемін ұлғайту мен тасымалдау сапасын арттыру үшін қолайлы жағдай жасау қажеттілігі туындап отырғанын жеткізді. Сондай-ақ вице-министр Қазақстанның мультимодальды транзиттік тасымалдар үшін Жаһандық транзиттік құжатты қолдануды қолдайтынын баяндады.
Халықаралық жиын барысында БҰҰ әзірлеген ұсынымдарды жүзеге асыру бойынша және өзара тәуелділікті нығайтудың практикалық аспектілері талқыланып, осы тараптағы бірқатар жаңа ұсыныстар қарастырылды. Сонымен қатар басқосуға қатысушылар Бірінші жаһандық көлік конференциясының нәтижесінде Ашхабад процесін жалғастырудың маңыздылығына тоқталып, аталған процесс аясында жоғары деңгейдегі халықаралық кездесулерді жиі өткізуді ұсынды. Бұл транзиттік тасымал, энергияға қолжетімділік, энергетикалық ресурстарды тасымалдау салаларындағы мәселелерді оңтайлы шешім табуына ықпал етпек.
Аталған алқалы жиын 2024 жылы өтетін БҰҰ-ның теңізге шыға алмайтын дамушы елдер бойынша Үшінші конференциясына дайындық процесінің бір бөлігі.
Сонымен қатар Алмаз Ыдырысов Стамбұл қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымының Хатшылығы Көлікті үйлестіру комитетінің арнайы отырысына қатысты. Жиын Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстанның профилді министрлері орынбасарлары деңгейінде ұйымдастырылды.
Бүгінде Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Түркия және Еуропа елдері аумақтары арқылы өтетін Транскаспий халықаралық көлік бағытының маңыздылығы мен танымалдылығы артып келеді. Вице-министр Алмаз Ыдырысовтың айтуынша, көлік-логистикалық кешенін дамыту – Түркі мемлекеттері ұйымына мұше елдердің сыртқы экономикалық және сыртқы сауда байланыстары үшін үлкен маңызға ие.
Басқосу шеңберінде Шығыс-Батыс Транскаспий халықаралық көлік дәлізі бойындағы көлік-транзиттік операцияларға байланысты өзекті мәселелер талқыланды. Бұдан бөлек, ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы көліктік және транзиттік жұмыстарды цифрландыру таразыланды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
138
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»