Главная Новости «Туған елге саяхат»: Балалар пойызы алғашқы сапарынан оралды
30 маусым 2023, 08:20 1182

«Туған елге саяхат»: Балалар пойызы алғашқы сапарынан оралды

«Туған елге саяхат»: Балалар пойызы алғашқы сапарынан оралды

«Туған елге саяхат» балалар пойызы алғашқы сапарын аяқтады. Осылайша 200 жас саяхатшы әсерлі саяхаттан Астанаға оралды. 10 күн ішінде балалар Қазақстанның ең әдемі және тарихи өлкелеріне барып, табиғи жауһарларымен танысты. Бірінші пойыз бағдары келесідей болды: Астана – Байқоңыр – Түркістан – Алматы – Бурабай – Астана.

Бірінші кезең аяқталғанымен, шаттанған көңіл-күйдегі жобаның жас қатытсушылары алған әсерін жеткізіп тауыса алар емес. Бұл сапарда көптеген балалардың бойында бұққан таланты ашып, ағылшын тілін үйрене бастады, жаңа достар тапты.

«Балалардың сапардан көздері жанып, зор шабытпен, ынта-жігермен келгені байқалып тұр және бұл жобаға берілген ең жақсы баға десек, артық айтқандық болмас. Ең қызықты жерлерді таңдап, өскелең ұрпаққа ұлан-байтақ еліміздің көрікті жерлерін көрсетуге тырыстық. Жобаға қызығушылық жыл сайын артып, балалар оны тыпырши, асыға күтетіні сезіледі», - деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева.

Саяхат керуені бастау алған елордада бірінші рет келгендер де бар. Мәселен «Қазпошта» компаниясының Шортанды қаласындағы бөлімшесінде бес жыл жұмыс істеп келе жатқан Гүлнар Құрметтің 11 жасар қызы алғаш рет туған ауылынан тысқары шыққан.

«Менің қызым көңілді сапарға аттанатына қатты қуанып, күн сайын қоңырау шалып отырдық. Сөйтіп күнде көргендерінің бәрін сипаттап, саяхаттың, жаңа қалалар мен достардың, жалпы барлығының ұнайтынын әңгімеледі. Өміріндегі ең күшті каникул екенін жеткізді. «Самұрық Қазына» қоры балалар үшін осындай керемет мүмкіндік сыйлап, армандарын орындағанына өте ризамын», - дейді Гүлнар Құрмет.

Асланбек Жанахметов те жобаға қатысушылардың қатарына кіргеніне бақытты, оның ата-анасы «Қазақтелеком» АҚ-да жұмыс істейді.

«Маған Түркістан қатты ұнады. Мен мұнда бірінші рет болдым және расын мойындау керек, соншалықты керемет болады деп күткен жоқпын. Барлығы өте тамаша салынған, самсаған сәулет өнері! Саяхат барысында жаңа достар таптым және география мен тарих туралы молырақ біле түстім. Біз ұлттық ойындарды көп ойнап, ағылшын тілін үйрендік, квест ойнап, уақытты қызықты өткіздік», - деп өз әсерімен бөлісті ол.

Жоба аясындағы келесі екі сапар тағы 400 оқушыны қамтиды. Барлығы жобаға барлығы 600 бала қатысуда: балалардың бір бөлігі «Самұрық-Қазына» АҚ өндірістік кәсіпорындары қызметкерлерінің көпбалалы немесе толық емес отбасыларда тәрбиеленетін, үлгерімі жақсы болса, шығармашылық байқаудың нәтижесі бойынша Қазақстанның түкпір-түкпірінен жеткіншектер тағы іріктелді.

Игі бастама «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қаржылық қолдауымен және ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қатысуымен, «Әлеуметтік жобалар қорымен» ынтымақтастықта жүзеге асырылуда.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: