Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Елордалық «Нұрлы жол» вокзалынан биылғы үшінші - қорытынды турға «Туған елге саяхат» қайырымдылық балалар пойызы аттанды. Осы лагерьдің үш жазғы маусымында рельстерде 10-15 жас аралығындағы 600 бала Қазақстанның көрнекті жерлеріне барып, экскурсиялық пойызда ұмытылмас демалыс өткізе алды, оның ішінде 400 бала бірінші және екінші сапардан кейін үйлеріне оралса, тағы 200 бала жолға шықты.
Жас жолаушылардың бір бөлігі – Қазақстанның түкпір - түкпірінен «Өз өңірімді дамытқым келеді!» тақырыбында эссе жазу жеңімпаздары болса, ал екінші бөлігі - «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының өндірістік кәсіпорындары қызметкерлерінің балалары.
Жобаның басты мақсаты – балаларды жан-жақты дамыту, баланы болашақ мамандығын таңдауға бағыттау, өз халқының мәдениетімен таныстыру және туған өлкесін зерттеу. Жоба сонымен қатар балалардың қоршаған әлемге деген қызығушылығын арттыруға, елдің тарихи және сәулет ескерткіштерін зерттеуге, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриотизмге тәрбиелеуге бағытталған.

Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қаржылық қолдауымен және ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен «Әлеуметтік жобалар қорымен» ынтымақтастықта іске асырылуда.
Үшінші сапардың басталуы күні Астанада жас саяхатшылар – «Туған елге саяхат» туған елі бойынша соңғы турға қатысушылар да сөз сөйлеген жиында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қайырымдылық қызметінің бірыңғай операторы Альфия Адиеваның брифингі болып өтті.
Балалар бұл жобадан ең жақсы әсерлер күтетінін және шытырман оқиғаларға дайын екенін айтып жатты. Олар осындай маңызды және қажетті жобаны ұйымдастырушыларға шын жүректен алғыстарын білдірді. Өз кезегінде, Альфия Адиева олармен қоштаса отырып, осы 10 күнді өз елі бойынша саяхатты пайдалы да зор шабытпен өткізуді тіледі. Үшінші айналымда балалар Астана – Алматы – Түркістан – Байқоңыр – Ақтау – Астана маршруты бойынша жүріп өтетін болады.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
59
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»
57
08 декабря 12:24
В Кокшетау строят современную ТЭЦ на технологиях «чистого угля»
98
05 декабря 17:59
QID қауымдастығы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Дамир Суентаевты марапаттады