Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Фото: Александр Жабчук
10 қазан – Кәсіподақ қызметкерлерінің төл мерекесі. Осыған орай «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 100 мыңға жуық қызметкері мүше болып табылатын «Қазкөліккәсіп» ҚБ бойынша көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Былтыр 30 жылдығын атап өткен «Қазкөліккәсіп» қоғамдық бірлестігі – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында еңбек ететін жүз мыңдаған теміржолшылардың тірегіне айналған қоғамдық ұйым. Оның тарихы тәуелсіз Қазақстан тарихымен тамырлас. 1992 жылы Алматыда теміржолшылар мен көлік құрылысшылары кәсіподағының алғашқы құрылтай съезі өтіп, оған республикамыздың үш темір жолынан 120-дан астам делегат, ҚР Көлік және коммуникациялар бірінші министрі қатысты.
Бүгінгі таңда «Қазкөліккәсіп» ҚБ – Халықаралық теміржолшылар кәсіподақтары конфедерациясының, ҚР Кәсіподақтар федерациясы құрылтайшыларының бірі және Халықаралық көлік федерациясының мүшелік ұйымы. Оның құрылымына 13 филиал, 17 жергілікті кәсіподақ, 315 бастауыш кәсіподақ ұйымы, сондай-ақ Атырау, Маңғыстау және Семей өңірлері мен Защита торабы бойынша Орталық кәсіподақ кеңесінің төрт өкілі кіреді.
Кәсіподақтың «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, оның еншілес ұйымдары мен құрылымдық бөлімшелерінің басшылығымен өзара қарым-қатынасы тең құқылы әлеуметтік әріптестік қағидаты бойынша құрылған. Салаға қатысты келісімде және ұжымдық шарттарда белгіленген міндеттемелер мен кепілдіктерді іске асыру теміржол көлігінің тұрақты жұмысын сақтауға мүмкіндік береді.
Кәсіподақтар мерекесі құрметіне ҚТЖ-да Көпфункционалды қызмет көрсету орталығы арнайы флешмоб ұйымдастырды. Олар атаулы күнде олар флешмобтан бөлек ҚТЖ бас мұражайында куиз ойынын ұйымдастыруды көздеп отыр.
Райхан Рахметова
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
54
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
61
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы