Главная Новости Тыл ардагерлеріне құрмет
06 мамыр 2022, 11:30 3313

Тыл ардагерлеріне құрмет

Тыл ардагерлеріне құрмет

Он үшінде шаруаға жегіліп, бесіктен белі шықпай жатып сол жылдардың ауыртпалығын арқалаған қырқыншы жылдардың перзенттері бүгінде ақсақал жасында. Олардың соңы сексеннің сеңгірінен асса, алды жүздің төріне таяп, қатарлары сиреді.

Бүгінгі таңда «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ есебінде 32 тыл ардагері бар. Қастерлі мерекеге орай, сұрапыл соғыс жылдарында бел жазбай еңбек етіп, қиямет-қайым қиындықтарды жеңе білген тыл еңбеккерлерінің үйіне арнайы барып, мерейлі мерекесімен құттықтадық. Біз барған сапар Мұшахан Алапанов ақсақалдың туған күніне тура келді. Компания Басқармасының атынан қазақы дәстүрге сай шапан жауып, ақсақалдың ақ батасын алдық.

Cоғыс қасіретін өз көзімен көрген ардагер ұрпағының бейбіт күнде өмір кешіп жатқанына разы. Соғыс жылдары тұрмыстың тым ауыр болғанын, небәрі 10 жасында шаруашылықтың жұмысына араласқанын еске алды. Өз кезегінде тыл еңбеккері көпке ізгі тілегін айтты.

«Осылай құрмет көрсетіп келгендеріңізге риза боп отырмын. Компанияға рақмет. Әлемде соғыс болмасын», – деді Мұшахан аға.

Атаулы күнде құрмет көрсетілгендердің қатарында тыл ардагері Хамза Бүркітұлы, Ноғай Түрікпенбаев, Бөлекбай Нахуов, мұнай көзін алғаш ашқан геолог Әділ Нұрманов, Жолдас Тоқжанов та бар. Ел басына күн туған шақта нардың жүгін арқалаған балалар бүгінде бейнеттің зейнетін көріп отырған қазыналы қария. Үлкен бір әулеттің абыройлы Абыздары. Немере сүйіп, шөберелерінің ортасында шаттыққа бөленіп отырған жайы бар. Отан алдындағы парызын адал атқарған жандар бүгінгі ұрпаққа өсиетін айтып, жылы лебізін білдірді.

Осы уақытқа дейін соғыс жылдарында еңбек еттік, жұпыны өмірді де, жоқшылықты да көрдік. Қара жұмысқа жегілсек те, саналы ғұмырымызды бүгінгі толқынның болашағына сарп еттік. Қазір соның арқасында Құдайға тәуба, өсіп-өндік. Ұрпақ сүйдік. Кемпіріміз екеуміз балаларымыздың ортасында бақытты сәттерді бастан кешіп жатқан жайымыз бар, –дейді ардагер Хамза Бүркітұлы.

«Тылдағы еңбек болмаса, майданда жеңіс те болмас еді». Расында Ұлы Жеңісті жақындатуда сол заманның ұрпақтарының қосқан үлесі зор. Біз өз кезегімізде қастерлі мерекеде ардагерлеріміздің жанынан табылғанымызға бек қуаныштымыз.

Жаннат Кемал

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: