Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Түркістан БГҚ» ЖШС Басқарма төрағасы Ұлан Бүркітов 14 қазанда Астанада өткен POWER TRENDS энергетикалық конференциясында Түркістан облысында салынып жатқан қуаты 1000 МВт бу-газ электр станциясының құрылысы туралы баяндама жасады.
Конференция «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасына және саланы дамытуға қазақстандық бизнестің қатысу мүмкіндіктеріне арналды. Оған ҚР Энергетика министрлігінің, «Самұрық-Қазына» тобына кіретін «Самұрық-Энерго» АҚ мен «KEGOC» АҚ компанияларының, шетелдік компаниялар мен салалық бірлестіктердің өкілдері қатысты.
«Қазақстанның генерациялау қуаттарын дамыту: инвестициялық жобалар және инфрақұрылым» атты панельдік сессияда Ұлан Бүркітов жобаның негізгі бағыттарына тоқталды:
Болашақ электр станциясы Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы электр энергиясы тапшылығын азайтуға, Қазақстанның оңтүстігін энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыруға және өңірдің өнеркәсіптік дамуына қажетті қосымша қуат көздерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
622
24 ноября 11:24
Data Center Valley: новая инфраструктура для экспорта цифровых услуг