Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдымен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ұлттық жобаның мәселелерін талқылады.
Түркістан облысындағы халық тығыздығына байланысты оқушы орындарының тапшылығы сұрағы өткір тұр. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында саны бойынша ең көп оқу ошағының осы өлкеде тұрғызылатыны да сондықтан. 2025 жылдың соңына дейін қала мен ауылдарда бір кезекте 49 мың оқушы орнына шақталған 63 білім ұясын салу көзделген.
Бекітілген кестеге сай 29 оқу ұясы ағымдағы жылы қолданысқа берілмек, олардың 19-ы есіктерін қыркүйектің бірінде айқара ашпақ. Жобаны жүзеге асырудың екінші кезеңінде, яғни 2025 жылы тағы 34 мектеп халық игілігіне тапсырылады.
Жиын барысында өңірдегі мердігерлердің қарқыны сөз болды. Мәселен, 2 мектептің құрылысына жауапты жергілікті «Ar Kua Group» ЖШС кестеден қалып барады. Шаруа қарқынын тапсырыс беруші Samruk-Kazyna Construction компаниясынан бөлек, жергілікті атқарушы органдар да өз бақылауына алмақ. Бұл ретте тараптардың қатысуымен апта сайын жиналыс өткізу жоспарда бар.
Пилоттық жобаның өңірде жүзеге асуын Түркістан облысы әкімі жеке бақылауына алғандықтан, айтарлықтай проблемалық сұрақтар туындамайды. Керісінше жергілікті әкімдік инженерлік желілерді жайлы мектептердің жер учаскесіне тарту бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысын да алып қойған. Бұл биыл салынуы тиіс 29 мектептің уақытылы тапсырылатынына күмән келтірмейді.

Samruk-Kazyna Construction басшысы болашақ білім ошақтарын инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен уақытылы қамтудың маңыздылығына тоқталды. Сондықтан газ, су, жарық, жылу мен интернетті тартып, учаскенің 4 жағынан жол салу турасында мәселе туындаған жағдайда бірден шешу қажеттігін атап өтті.
2025 жылы қолданысқа тапсырылуы тиіс оқу ұяларына арналған жер учаскелерін бөлу бойынша сұрақ та назардан тыс қалмауы тиіс. Жоғарыда аталғандай, 2024-2025 жылдары облыста тағы 34 жайлы мектептің құрылысы жоспарланған. Бүгінде 30 учаске бөлінген, ал 4-еуі бойынша проблема бар. Дархан Сатыбалды облыстың сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысына мәселелерді шешіп, жер телімдерін реттеуді тапсырды.
Өңір жетекшісі Президент жүктеген тапсырманы жергілікті жерде орындау үшін әкімдіктің жұмыла жұмыс істейтінін жеткізді. Келесі аптада Дархан Сатыбалды жайлы мектептердің құрылысы мен жабдықтауына жауапты компаниялардың басын қосып, ауқымды жиын өткізбек.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
113
12 декабря 13:01
АО «Самрук-Қазына» снова в числе лидеров нефинансовой отчетности
113
11 декабря 22:17
Кто работает на ПНХЗ: прибористы