Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Өңірде ұйымдастырылған құрылыс материалдары мен мектеп жиһаздарының көрмесінде жергілікті өндірушілер өз өнімдерін паш етті. Түркістан облысына жасаған жұмыс сапары аясында Samruk-Kazyna Construction басшысы Мәулен Айманбетов көрмені аралап, кәсіпорындардың болашақ мектептерді сапалы материалдармен қамтамасыз етуге дайын екеніне көз жеткізді.
Басқарма төрағасы білім ошақтарының болашақ директорларымен де танысты. Өңірде 3 жайлы мектептің басшылары бекітіліп қойған. Олар мектептерді жобалау және жабдықтау процесіне белсенді ат салысады, өз ұсыныстарын айтып, шешім қабылдар кезде дауыс беру құқығына ие болады.
Мектеп жиһазының дизайны, түсі және басқа да сыртқы параметрлерін таңдау құқығы сол жиһазды тікелей пайдаланатын жауапты тұлғаларға тапсырылған. Арнайы құрылған комиссия жиһаздың ұсынылған барлық нұсқаларын қарап, алдын-ала таңдау жасады. Олардың дизайнды, ыңғайлылығы және қауіпсіздігі егжей-тегжейлі тексерілген соң ғана нақты шешім қабылданады.
Комиссия құрамына облыс әкімінің ұлттық жобаға жауапты орынбасары, білім, құрылыс және кәсіпкерлік басқармаларының өкілдері, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП өкілі, мектеп директорлары және олардың әкімшілік-шаруашылық жұмыс жөніндегі орынбасарлары кіреді.

Түркістан облысында пилоттық ұлттық жоба аясында 49 мың оқушыға шақталған 63 жайлы мектеп салынады. Оларды толық жабдықтау үшін шамамен 163 мың дана жиһаз қажет.
Бұған дейін аймақтық жиһаз комиссиясы төрт жергілікті кәсіпорынды анықтады. Бұл кәсіпорындар жайлы мектептерді жабдықтауға жауапты болады. Олар қажетті көлемде және белгіленген мерзімдерді сақтай отырып, жоғары сапалы жиһаз жасау үшін барлық қажетті ресурстарға ие.
Жайлы мектептерге арналған жиһаз «Самұрық-Қазына» қорының тауар өндірушілер тізіліміне және отандық өндірушілер тізіліміне енгізілген компаниялардан ғана сатып алынады. Samruk-Kazyna Construction компаниясы жайлы мектептерді сапалы жиһазбен қамтамасыз етуге отандық өндірушілерді тарту идеясын толық қолдайды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!