Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Бұл табиғи тастан жасалған сәндік материал. Заманауи ғимараттар қала мен өңірдің тарихи келбетіне үйлесімді болуы үшін Түркістан облысындағы жайлы мектептердің қасбетін травертинмен қаптау мәселесі қарастырылып жатыр.
Samruk-Kazyna Construction Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетов пен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру бойынша департамент директоры Ербол Ахметов Шымкент қаласында травертин өндіретін зауытқа барды. Ұлттық жоба жетекшілері тасты қайта өңдеу және плиталарды өндіру процесімен егжей-тегжейлі танысты, сондай-ақ зауыт басшылығымен өнімнің сапасы, өндіріс көлемі туралы мәселелерді талқылады.

«Оңтүстік» индустриялық аймағында орналасқан кәсіпорын тәулігіне 1000 шаршы метр материал өндіре алады. Өңірдегі мектептерді травертинмен толық және уақтылы қамтамасыз ету үшін зауыттың өндірістік қуаты жеткілікті.
Жалпы алғанда, жайлы мектептердің қасбетін қаптағанда әдемі, заманауи, арзан әрі сапалы материалдар қолданылады. Бұл ұлттық жоба бюджетін оңтайлы пайдалана отырып, сапа, қауіпсіздік және көркем сыртқы келбет бөлігінде қажетті теңгерімге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!