Главная Новости Түркия жүрдек пойыздар өндірісін арттырады
14 ақпан 2024, 10:23 651

Түркия жүрдек пойыздар өндірісін арттырады

Түркия жүрдек пойыздар өндірісін арттырады

Қазір техника мен технологияның заманы. Көптеген елдер жолаушыларды тасымалдауда жоғары жылдамдықты, жүрдек пойыздарға басымдық беруде. Жақында Түкрияның Көлік және инфрақұрылым министрі Анкара мен Ыстамбұл арасын 80 минутта еңсеретін жүрдек пойыздар жолға шығатынын мәлімдеді.

Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоглу Сакария облысының Арифие ауданындағы ÖZBIR Vagon Sanayi AŞ кәсіпорнында өткен салтанатты шараға қатысты. Министр салтанатты шара барысында 344 шақырымдық супер Анкара - Ыстамбұл бағытындағы жүрдек пойыз желісінің алдын ала жобалау жұмыстарының аяқталғанын мәлімдеді. Жиын барысында Швейцария мемлекеттік теміржолдары үшін шығарылған интеллектуалды теміржол көліктерінің жаңа буыны жеткізілді.

Министр Уралоглу өз сөзінде Түркияның теміржол желісін 2002 жылғы 10 мың шақырымнан бүгінгі 14 мың 165 шақырымға арттырғандарын білдірді. Ол сонымен қатар елге нөлден бастап жүрдек пойыздарды енгізіп, жалпы ұзындығы 2251 шақырым жүрдек пойыз желісін салғанын баса айтты. Сондай-ақ ол қатысушыларға Анкара - Ескишехир, Ескишехир - Ыстамбұл, Анкара - Кония, Конья - Караман және Анкара - Сивас сияқты маңызды бағыттар бойынша жүрдек пойыз желілерін пайдалануға бергендерін еске салды.

Стамбұл мен Анкара арасындағы жолдың ұзақтығы 80 минутқа дейін қысқарды.

Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоглу Анкара - Ыстамбұл жүрдек пойыз желісінің құрылысына арналған алдын ала жобалау жұмыстарының аяқталғанын хабарлады.

Министр Уралоглу бұл жаңа жолдың жалпы ұзындығы 344 шақырым болатынын мәлімдеді. Сондай-ақ ол осы желіде сағатына 350 шақырым жылдамдықпен жүретін пойыздардың арқасында Ыстамбұл мен Анкара арасындағы жол жүру уақыты 80  минутқа дейін қысқартылатынын жеткізді.

Бұл жобаға қосымша, ол Гебзеден Явуз Сұлтан Селим көпірі арқылы, содан кейін Чаталжаға дейін Ыстамбұл әуежайына жететін Солтүстік Мармара аралығында жоғары жылдамдықты теміржол желісі жобасын жоспарлау жұмыстары аяқтағанын айтты.

Министр Уралоглу сондай-ақ Көлік және логистиканың бас жоспары мен 2053 жылғы жол картасы аясында Анкара - Измир, Мерсин - Адана - Газиантеп, Халкалы - Капикуле бағыттары бойынша жүрдек пойыз жобалары аяқтаған кезде 52 елдімекеннің жоғары жылдамдықты пойызға қол жеткізетінін айтты. Осы жобалардың барлығы іске асқан кезде Түркияның жалпы теміржол желілерінің ұзындығы 28 мың 590 километрге жетпек.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: