Главная Новости Түрксіб, Ақжолтай, Мыңбала. Теміржол станцияларының жаңа атауы қандай?
03 қараша 2020, 21:57 1601

Түрксіб, Ақжолтай, Мыңбала. Теміржол станцияларының жаңа атауы қандай?

Түрксіб, Ақжолтай, Мыңбала. Теміржол станцияларының жаңа атауы қандай?

ҚР Үкіметінің «Теміржол вокзалдары кешені мен кейбір теміржол станцияларын қайта атау және станциялар транскрипцияларын өзгерту туралы» қаулысына сәйкес, еліміздегі бірқатар вокзалдар мен станциялар жаңа атауға ие болды, деп хабарлайды SKnews «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаулыға сәйкес, Жамбыл ЖТ бөлімшесінің Луговой теміржол станциясы Түрксіб станциясы болып  аталса, сондай-ақ, елордадағы жаңа теміржол вокзал кешені – Нұрлы жол теміржол вокзал кешені; Ақмола ЖТ бөлімшесінің Астана Нұрлы жол станциясы – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол; Ақмола ЖТ бөлімшесінің ОП-39 станциясы – Өндіріс станциясы; Ақмола ЖТ бөлімшесінің Компала станциясы – Көкала станциясы; Қарағанды ЖТ бөлімшесінің Весна станциясы – Ақжолтай станциясы; Қарағанды ЖТ бөлімшесінің Промежуточная станциясы – Мыңбала станциясы; Солтүстік Қазақстан ЖТ бөлімшесінің Новоишимка станциясы – Жаңаесіл 2 станциясы; Шығыс Қазақстан ЖТ бөлімшесінің Серебрянка станциясы – Күмістау станциясы; Шығыс Қазақстан ЖТ бөлімшесінің Селезневка станциясы – Көкжиек станциясы; Шығыс Қазақстан ЖТ бөлімшесінің Огневка станциясы – Таусамалы станциясы; Шығыс Қазақстан ЖТ бөлімшесінің Зыряновск станциясы – Алтай теміржол станциясы болып өзгерді.

Бұл тізім ішінде Луговой станциясының атауын өзгерту Түркістан-Сібір темір жолы үшін мерейтойлы жылда жүзеге асқаны ерекше маңызға ие. Өйткені, тура 90 жыл бұрын Түрксіб бойынша өтпелі жұмысшылар қозғалысы басталған болатын.

Тарихқа шегініс жасасақ, Сібірден Орталық Азияға тартылған темір жолы экономика дамуының негізі болып, өңірге жеделдетіп қоныстануға және игеруге, оның табиғи байлықтарын өндіруге, өндіріс пен сауданың пайда болуына ықпал еткен. Қазақтар Түрксібті «жаңа өмір жолы» деп атаған. Болат жол арқасында Алматы уездік қаласы республиканың әкімшіліктік және мәдени орталығына айналған.

«Магистарльдың құрылысы оңтүстік пен солтүстікте бірдей жүргізілді. 1927 жылдың шілдесінде Семейде, ал қарашада – Луговой станциясында алғашқы рельс төселді. Түрксібтің болат магистралы 1,5 мың километрге созылды. Құрылысшылар ауыр климаттық жағдайда жұмыс істеді, сондай-ақ, күрделі техникалық және ұйымдастырушылық қиындықтарды бастарынан кешті. 1930 жылдың 25 сәуірінде Түрксіб рельстері қосылып, өтпелі қозғалыс үшін жол ашылды. Луговой станциясынан пойыздар Таразға, Шуға және Бішкекке жүрді» делінген «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: