Главная Новости «Түрксіб-Семей» мұражайына ерекше тарту жасалды
24 қараша 2023, 11:47 1096

«Түрксіб-Семей» мұражайына ерекше тарту жасалды

«Түрксіб-Семей» мұражайына ерекше тарту жасалды

Жуырда Семей ЖТ бөлімшесінің «Түрксіб-Семей» мұражайына ерекше тарту жасалды. Атап айтсақ, Ресейден, Алексин қаласынан тәбәрік ретінде арнайы капсулаға салынған топырақ әкелініпті. Себебі, дәл осы жерде 1941 жылдың желтоқсан айының басында өткен кескілескен ұрыста Семейде жасақталған 238-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының жауынгерлері шейіт болған еді.  

Басқосуға орай ұйымдастырылған шараға «Түрксіб-Семей» мұражайының құрметті-директоры, Құрметті теміржолшы, қоғам белсендісі Мақсұт Көшжанов пен «Қазкөліккәсіп» ҚБ Семей өңірі бойынша өкілі Есен Қажығұловтар және қаладағы орта, арнаулы оқу орындарының ұстаздары, ардагерлер қауымы қатысты.  

Жиын барысында іргелі шараға ұйытқы болып отырған Абай облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Мұратқазы Алин ақсақал Ресейдің Алексин қаласының Даңқ қорғанынан алынған, бір уыс топырақ салынған капсуланы теміржолшыларға салтанатты түрде табыс етті. Ендігі аралықта аталмыш жәдігер «Түрксіб-Семей» мұражайының төріндегі соғыс жылдарындағы аймақ теміржолының тарихына қатысты тағылымы мол мұралар қатарынан орын алмақ.  

Сонымен қатар, осынау іс-шара барысында салалық кәсіподақтың өңірлік өкілі Есен Асқарұлына әскери-патриоттық сипаттағы игі бастамаларымен, қазақстандық патриотизмді насихаттаудағы еңбектері үшін Алғыс хат табыстады.

-Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Семейде құрылған әскери құрамалардан алғашқылардың бірі болып, 238-ші атқыштар дивизиясы Алексин қаласын неміс-фашист басқыншыларынан азат етіп, Тула бағытындағы Мәскеу үшін шайқасқа қатысқан болатын. Оны біз өткен тарихтан білеміз. Олардың қатарында теміржолшылар да болғаны анық. Жауынгерлердің басым көпшілігі туған жеріне қайтып оралмады. Әйтседе, кейінгі өскелең буынның жадында сақтаулы. Ал, аталмыш шара олардың ерлігін жас ұрпаққа етуді, патриоттық тәрбиені көздейді, - дейді бұл орайда «Түрксіб-Семей» мұражайының қызметкері Әсем Досанова.

Салтанатты шараның соңында теміржолшылар әскери сала ардагерлерімен, қаланың қоғамдық өміріндегі белсенді ардагерлерімен естелік суреттерге түсті.

Қуаныш Қожаев

Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: