Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Түйе бойына сеніп, тышқан жыл басы атанған аңыз естеріңізде болар. Міне осы тышқанға, былайша айтқанда, 2020 жыл арналып отыр.
Негізі қазақ халқының мүшелдік есебі бойынша жаңа жыл барша тіршілік иелерін қажытқан ұзақ қыстан кейін табиғат дүр сілкініп оянатын 22 наурызда табалдырықтан аттайды. Содан сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз болып кезекке тұрады. Әр 12 айлық аралықтың өз ерекшелігі, қызығы мен шыжығы бар.
Қыс демекші, алтынмен бірге көмірді де белуарынан қазудағы кеншілер еңбегі елімізде әрқашан қадірлі.
Жалғыз Жаратқаннан керегін сұраған бабамыз тышқан жылын да жақсылыққа жорып, құт-береке мен ырыстың, татулық пен тыныштықтың кезеңі деп санаған. Бұл дегеніңіз, келесі төрт мезгілде қиындық-сынақтар Қазақ елін айналып өтіп, "қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған" бейбіт заман жалғасын таба бермек. Осы орайда, әріптестеріміз жазғандай, Қазақ хандығының да тышқан «еншілеген» 1456 жылы құрылып, тарихтың жаңа алтын парақтары ашылғаны еске түседі.
"Самұрық-Қазына" қоры мен оның компаниялар тобы жаңа жылда қайырымдылық, инвестиция тарту, корпоративтік мәдениетті жетілдіру сынды саналуан бағытта жұмыс сапасын күшейтетіні анық. Молшылықты ысырап ығыстырмайтындай, сатып алуда үнемділік пен үйлесімділік назарда ұсталмақ. Былтыр 2019 жылға жорамал дайындағанда, "Қаржы құюды, салым жасауды келесі жылға (яғни 2020 жыл боп тұр ғой! – авт.) қалдырған дұрыс" дептік. Тиісінше қазынадағы қаржыға ұқыптылықпен қарау керек дейді білетіндер.
Жылжымайтын мүлік тұрғысында, бірқатар үлескерлер, әсіресе оңтүстік астанамыздың тұрғындары баспана кілтін алады деп жоспарлануда. Бұл жылы отау құрғандардың шаңырағы берік болатыны да ырымдалуда.
Мұнайшы қауымда өндіріс көлемі ұлғайып, күрделі телімдерді игеру қолға алынады деп күтілуде. Экспорт пен ішкі тұтыну теңгерімін сақтауға баса назар аударылмақ. Химия өнеркәсібін өркендету аясында шикізаттық тәуелділіктен арылудың үміт оты жүрек түбінде маздауда. Газдың жөні бөлек, үнемі кірісті қызметтің жоғары қарқынын көрсетіп келеді.
Теміржолшылардың да табыс кепіліне бұрынғыдай тынымсыз еңбекқорлығы арқау болмақ. Тасымал кілті транзиттен ізделіп, көлік түрлерінің әрі қарай өзара ықпалдасуына көңіл бөлінсе құба-құп.
Әуе кемелерінің зеңгір көкте самғау беруіне сұр мақұлықтың тек жер төсінен ажырамай алмауы еш кедергі болмақ емес. Бұдан тыс, билет құнының арзандауы ұшақта сапарлаудың жайлылығын арттыруда.
Атом саласында халықаралық нарыққа шығудың көкжиегі кең. Тышқанның күннің ерте атқанын бірінші байқағанындай, уран өндірісінде шетелдегі сауданың сәтті тұстарын тамыршыдай дәл басу зеректігі ауадай қажет дегенді келтіреді сарапшылар.
Энергетикалық қауіпсіздік өз алдына үлкен әңгіме. Мұнда тұтас ел ауқымын тоқ қуатымен қамтамасыз етуде тышқанның табандылығы міндетті түрде кәдеге жарайтыны даусыз. Жасыл энергияны дамыту арқылы экологияны жақсарту, адамзатпен қатар өмір сүріп жатқан басқа да ағзалар бойынша әлі де өзектілігін жоймаған мәселе.
Пошта қызметінің күнделікті хат алмасу, газет-журнал жеткізу ауқымынан шыққаны қашан! Дегенмен, жүктелген жауапкершілік үдесін ақтау үшін, сарапшылардың сөзінше, мыңдаған адам күнкөрісін айырып отырған салада цифрлық инновация игіліктері легі үзілмегені жөн.
Тышқан ақылы аз болғанымен, тіл табысуға шебер деп қалды дереккөзі. Телекоммуникацияда аталған қасиеттің септігі тиіп, керісінше ақылды қалалар саны көбейеді деп сенейік.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, лайым Тәңірдің мемлекетімізге сыйы таусылмасын!
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
53
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
59
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы