Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қаражанбас кен орнында кәсіподақтар күніне орай І вахта ауысымы мұнайшылары арасында спорттық жарыстар өтті. Тартысты бәсекеде жүздеген жұмысшы футбол, волейбол, арқан тарту, қол күрес, кір тасын көтеру сияқты 5 спорт түрінен сайысқа түсті.
Қызметкерлер арасындағы қызу ойын футбол матчтарынан басталды. Жасыл алаңда екі күн бойы тартысты өнер көрсеткен 12 команданың әрқайсысы мықты дайындықпен келген. Әр кездесу сайын үздіктер сарапталып, ақтық сында бу өндіру цехының жігіттері жеңіске жетті.

Волейбол – қаражанбастықтардың сүйікті спорты саналады. Сайыс алаңында кіл мықтылар бір-бірінен басым түсу үшін түрлі техникаларды тиімді қолданды. Тоғыз команда бақ сынаған турнирде жас мұнайшылармен бірге, ардагерлер командасы да мықты ойын көрсетті. Қорытындыға сәйкес, бағы мен бабы қатар шапқан қабат қысымын ұстау цехы волейболшылары бірінші орынға лайық деп танылды.

Бұдан бөлек 30-дан астам мұнайшы ұлттық спорт түрлері арқан тарту, қол күресі мен кір тасын көтеруден үздіктерді анықтады. Білектілер бәсекесін тамашалаған жанкүйерлердің ыстық ықыласы әр үміткерді жеңіске талпындыра түсті. Нәтижесінде, технологиялық көлік басқармасының жүргізушісі Айдын Ахметов кір тасын 81 рет көтеріп, бірінші орынды жеңіп алды.

Ал арқан тарту бойынша өндірісті автоматтандыру цехының жұмысшылары төрт кездесуде де алдына жан салмай, жеңіс тұғырынан көрінді. Қол күресінен бақ сынаған 9 қатысушы да оңай шағылар жаңғақ емес. Десекте кіл мықтылар арасынан №1 мұнай өндіру цехының операторы Бейбарыс Мүлкібаев жеңіске лайық деп танылды.

Жүлдегерлер мен жеңімпаздарға мақтау қағаздары, медальдар мен кубоктар табысталды. Айта кетейік, кәсіподақтар күніне орай спорттық сайыстар ІІ вахта ауысымы жұмысшылары арасында да жалғасын табады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
134
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»