Главная Новости Вакцинаның жанама әсерлері бар ма? Маман сұхбаты
Маңызды Сұxбат03 ақпан 2021, 12:18 379

Вакцинаның жанама әсерлері бар ма? Маман сұхбаты

Вакцинаның жанама әсерлері бар ма? Маман сұхбаты

Коронавирусқа қарсы вакцинаның қаншалықты маңызды екендігі туралы ҚазАқпарат тілшісіне медицина ғылымдарының кандидаты, Хамза Жұматов атындағы гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының басшысы Айнагүл Қуатбаева айтып берді.

Айнагүл Мұқанқызы, айтыңызшы, адамдарға COVID-19 қарсы вакцинасын алу қаншалықты маңызды?

Өздеріңіз білетіндей, бұл бүкіл әлемге таралып жатқан вирустың жаңа түрі. Бүгінгі күні 100 миллион адамда коронавирустың зертханалық расталған жағдай тіркелді. Соңғы кездері аурудың көбеюі байқалады. Өлім саны да артуда. Сондықтан вакцина егу керек. Бізде қазір қауіпті індетке қарсы вакцина бар. Оның пайдасы өте зор. Қазірдің өзінде көптеген елдер вакцинациялауды бастады. Коронавирусқа қарсы вакцинаны 21 күндік аралықпен екі кезеңмен енгізу керек. Бірінші доза антиденелердің аз мөлшерін өндіруге байланысты қысқа қорғаныс әсерін береді. Екінші доза біріншісінің әсерін күшейтеді және нығайтады, адам организміндегі антиденелер саны артады. Мақсат- иммунитетті нығайту. Халықты қаншалықты тезірек вакцинациялаймыз, соғұрлым аурудың төмендеуі мен тұрақтануына қол жеткіземіз. Біздің міндетіміз - елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру, өлім санын минимумға дейін төмендету.

Қазақстанда вакцинация 1 ақпанда басталды. Бұл ресейлік «Спутник V» вакцинасы. Оны егу шаралары бірінші кезеңде медициналық қызметкерлерге жүргізіледі. Содан кейін мұғалімдер мен созылмалы аурулары бар адамдарға салынады. Оның кез-келген компонентіне немесе оған ұқсас компоненттері бар вакцинаға жоғары сезімталдығы бар азаматтарға қолдануға болмайды. Өйткені бұл жаңа вакцина. Аллергия, жедел инфекциялық және инфекциялық емес аурулар, созылмалы аурулардың қабынуында, жүкті әйелдер мен бала емізетін әйелдерге сондай-ақ 18 жасқа толмағандарға салынбайды. Қазақстанда алдын ала медициналық тексеруден өтпей, эпидемиологиялық сараптама жасалмай вакцинаны салуға рұқсат жоқ. Біз пациенттің денсаулығы жайында ақпарат жинаймыз. Егер қарсы көрсетілімдері болса, егу шаралары жүргізілмейді.

Коронавирусқа қарсы вакцинаның жанама әсерлері бар ма?

Клиникалық зерттеулер кезінде жүйелік асқынулар болған жоқ. Әр адамның ағзасы вакцинаны әртүрлі қабылдайды. Инъекция салған дене бөлігі қызарып, ісініп ауруы мүмкін. Вакцинациядан кейінгі алғашқы күндерде адам өзін әлсіз сезінуі мүмкін. Дене температурасының көтерілуін жоққа шығара алмаймыз. Бұл қалыпты жағдай. Ал, коронавирусқа қарсы антиденелер организмде алты айға жуық сақталады.

Халыққа вакцина тегін егіле ме?

Бүгінгі күні коронавирусқа қарсы вакцинация мемлекет есебінен тегін жүргізіледі. Тұрғындар емханаға барып, сауалнама толтырып, ерікті түрде келісім беруі керек. Соныме қатар, әрбір азамат екпеден бас тартуға құқылы. Қазір Денсаулық сақтау министрлігі көп жұмыс атқарып жатыр. Жүйелі есепке алу мақсатында Қазақстанда электрондық вакцинация паспорты жасалды.

Вакциналаудан кейін науқастармен бетпе-бет кездесіп, маскасыз жүре ала ма?

Вакцина жасалғанннан кейі адамда қорғану қабілеті бірден пайда болады, деп айта алмаймыз. Ағзаның ерекшелігіне қарай антиденелер әрқалай қалыптасады. Кейбіреулерде антидене екі күннен кейін, ал кей жағдайда одан көп мерзімде пайда болады. Бірақ, екі рет салынған вакцинациядан кейін де, мұқият болған жөн. Ауруды алдын алу шараларына басымдық беру керек. Залалсыздандыру құралдарын қолданып, екі метр қашықтықты сақтау маңызды болып қала береді. Бұл вакцина тиімді емес дегенді білдірмейді. Біз өзімізді барынша қорғауымыз керек. Сонда ғана айналамызда ауру адамдар азайып, вирусты жеңеміз.

Выпуски SK NEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Нур-Султан, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: