Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қаражанбас мұнайшылары қызметтегі жетістіктерімен құрметті, дарынымен дара. Олардың арасында қара алтын өндірумен қатар, қазақтың қара домбырасын серік еткен жігіттер талай сахналарда өнер сүйер көпшіліктің қошеметіне бөленіп үлгерген.
Бақытжан Нұрмағанбет өмірінің 20 жылдан астам уақытын №2 мұнай өндіру цехына арнап келе жатқан жұмысшы. Қызметін қатардағы оператордан бастаған ол, бүгінде ұжымға сыйлы шеберлердің бірі.
Өндірісті бес саусағындай білетін кәсіби маман бала кезінен домбыраның құлағында ойнайды. Жастайынан ұлттық өнерге құрметі ерекше Бақытжан кен орнында жүргенде де қос ішектен алыстаған емес. Күмбір күй, дәстүрлі ән мен жырдан шашу шашатын өнерпаз-мұнайшы қоғамдық шараларда сахна төрінен табылады. Оған қоса кейіпкеріміз Қаражанбас атынан талай өнер бәйгесінде топ жарып, жеңіс тұғырынан көрінген.
«Домбыраны жан-тәніңмен сезіне білу керек. Мен туып өскен Шетпе ауылында әр үйде бұл аспаптың үні естіліп тұрады десем артық айпағаным болар. Шабыт көбінесе кен орнында, өндірістік қарбалас кезінде келеді. Домбыра маған өз ойларымды жеткізуге, жан сырымды ашуға, табиғат дыбыстарынан алған эмоцияларымды жеткізуге көмектеседі. Сондай-ақ балаларыма ұлттық аспапқа деген сүйіспеншілікті оятуға тырысамын», – дейді Бақытжан.
Қазақ халқының төл мәдениеті мен өнерін домбырасыз елестету мүмкін емес, дейді кейіпкеріміз. Қиын да қызықты өндірісті нәзік өнермен үйлестіре отырып, Бақытжан Қаражанбас жұмысшыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын нәрлендіреді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
273
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи