Главная Новости Вьетнам мен Қазақстан арасында тікелей жүк маршруты ашылды
09 қаңтар 2023, 11:37 738

Вьетнам мен Қазақстан арасында тікелей жүк маршруты ашылды

Вьетнам мен Қазақстан арасында тікелей жүк маршруты ашылды

Электронды құрылғылар мен өзге де тауарлар тиелген Вьетнам — Қытай — Қазақстан бағытындағы алғашқы жүк пойызы 2022 жылдың 31 желтоқсанында жолға шықты, деп хабарлады Rail-news.kz.

Вьетнамның Дүңдан стансасынан Қытай жағындағы Пиншян шекара бекеті арқылы электронды құрал-жабдықтар мен басқа да тауарлар тиелген пойыз халықаралық құрғақ порттағы Шиань станциясына кірді. China Railway Express операторы пойызды Шыңжаң Ұйғыр автономиялы ауданындағы Қорғас өткізу пункті арқылы Алматыға жеткізеді. Алдын ала болжам бойынша бұл маршруттың жүріп өту уақыты 25 тәулікке жетуі мүмкін.

Әдетте Вьетнамда жасалған электронды құрал жабдықтар Орталық Азияға теңіз көлігі арқылы жеткізілетін. Ол кезде жүкті жеткізу уақыты 50 тәулікке дейін ұзаратын.

Бұған дейін China Railway Express операторы Вьетнам тауарларын Қытайға, одан кейін Еуропаға жеткізу жағын ұйымдастырған. Алғашқы пойыз 2021 жылдың шілдесінде жолға шыққан еді, содан бері 47 рейс жасалып, 2100 контейнер жеткізілген.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: