Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
АҚШ-қа жұмыс сапары аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов бастаған делегация локомотив жасау саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі — Wabtec компаниясының Пенсильвания штаты, Гроув-Сити қаласындағы өндірістік алаңдарына барды. Гроув-Сити зауыты локомотивтер мен ауыр техникаға арналған дизель қозғалтқыштарын өндіру және күрделі жөндеумен айналысуға маманданған.
ҚТЖ делегациясы баламалы отын түрлерін пайдалану, қуат агрегаттарын жаңғырту үдерістері, сондай-ақ цифрлық мониторинг пен сапаны бақылау жүйелерін қоса алғанда, заманауи технологиялармен танысты. Энергоүнемділік, шығарындыларды азайту және инновациялық шешімдерді енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл бағыттар ҚТЖ-ның жылжымалы құрамын дамытудағы негізгі басымдықтар болып табылады.
Кездесу қорытындысы бойынша Wabtec компаниясы 2026 жылы «Астана Дизель Сервис» зауытында жаңа дизель қозғалтқыштарын өндіруді іске қосу жоспарын растады. Бұл АҚШ-тан тыс жерде ашылатын алғашқы қозғалтқыш өндірісі болмақ. Қазақстан үшін бұл локализацияны дамыту мен саланың технологиялық тәуелсіздігін арттыру жолындағы маңызды қадам саналады.
Тараптар сонымен қатар технология трансфері, кадрлар даярлау және локомотив паркін техникалық сүйемелдеу саласындағы ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылады. Бұл сапар серіктестікті нығайтудағы маңызды кезеңге айналып, ҚТЖ-ның елдің көлік инфрақұрылымын дамытуға халықаралық тәжірибені енгізу бағытын тағы да айқындап берді.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
175
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде
106
03 декабря 17:46
АлЭС ищет таланты: ярмарка вакансий в ALT Университете