Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Елордада өтіп жатқан Digital Bridge форумына келген Wabtec корпорациясының цифрландыру жөніндегі Вице-президенті Скотт Хорнинг ҚТЖ-мен бірлесіп атқарып жатқан жобалары жайлы айтып берді, деп хабарлады Rail-news.kz.
Айта кетсек, немістердің Wabtec компаниясы қуаты 6 мың аттың күшіне тең заманауи локомотив шығарады, оған қоса жүк және жолаушылар көліктеріне арналған өнімдер өндіреді.
«Біз технология, цифрландыру төңірегінде 20 жылдан бері жұмыс істеп келеміз, бұған дейін серіктес ретінде ҚТЖ-ға көмектесіп, бірлесіп жұмыс істеп үлгердік. Атап өтсем, локомотив паркін жаңғыртуда жұмыстар атқардық. Соның арқасында қазақ даласында заманауи, жоғары жылдамдықты пойыздар жүйіткіп жүр. Сондықтан ҚТЖ мен арамызда жақсы қарым-қатынас қалыптасты», – деді ол.
Ол сондай-ақ, Қазақстан қазір локомотив паркін жаңғыртып қана қоймай, аймақтағы озық технологияларды қоданатын бірден бір елге айналғанын жеткізді. Өйткені мұнда локомотивтер шығаратын және оларды жөндеп, сервистік қызмет көрсететін өндірістік орындар ашылып жатыр.
Мәселен, "ҚТЖ" ҰК" АҚ-да тасымалдау процесінің тиімділігін арттыру және компанияның жүк тасымалы саласындағы операциялық қызметін жетілдіру үшін цифрландыру жұмыстары жүргізілуде. "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС темір жол тасымалының тиімділігін арттыру мақсатында ТЭ33А сериялы жүк локомотивтерінің паркін "Рейсті оңтайландырушы" (Trip Optimizer) Wabtec цифрлық жүйесімен жабдықтайды.
Бұл контроллер мен динамикалық тежегішті автоматты түрде реттеу арқылы машинистке локомотивті басқаруға көмектесетін интеллектуалды жүйе. Жүйе маршрут пен жүк туралы деректерді талдай отырып, нақты уақыт режимінде оңтайлы жылдамдық режимі мен отын шығынын есептейді.
«Қазіргі Жасыл индустрияларды енгізу мәселесі бізді одан сайын жақындастыра түсті. Өйткені Wabtec табиғатты ластамайтын локомотивтерді өндіріп жатыр. Оған қоса, цифрлық және жасанды интеллект өнімдеріміз де көп. Мұның барлығы темір жол саласының тиімді дамуына жағдай жасайды және қоршаған ортаға пайдалы. Сондықтан біз осындай серіктестік аясында жұмысымызды жалғастыра береміз», – деді Скотт Хорнинг.
Сондай-ақ ол өз сөзінде Wabtec пен ҚТЖ бірлесе отырып қоршаған ортаға бөлінетін зиянды қалдықтарды нөлдік көрсеткішке дейін жеткізетін локомотивтер жасауда жетістікке жететініне сенімді екенін білдірді. Аталған компания келешекте Астанада инженерлік орталық ашуды жоспарлап отыр.
181
13 марта 14:53
К празднику Наурыз Нацперевозчик дополнительно предоставит 2177 мест в пригородных поездах
349
02 марта 16:44
В Богатырь Комир прошел спортивный праздник к Международному женскому дню
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
179
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи