Главная Новости Үкімет Ұлттық қор активтерін 100 млрд долларға ұлғайтуды жоспарлап отыр
30 қазан 2024, 14:33 1671

Үкімет Ұлттық қор активтерін 100 млрд долларға ұлғайтуды жоспарлап отыр

Үкімет Ұлттық қор активтерін 100 млрд долларға ұлғайтуды жоспарлап отыр

Үкімет 2030 жылға қарай Ұлттық қордың валюталық активтерін 100 млрд долларға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Толығырақ ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтып берді.

«Ұлттық қордан алынатын қаржы көлемін ескере отырып, 2027 жылға дейін қор түсімін 78,7 млрд долларға жеткізу көзделіп отыр. Бұл мақсатқа жету жолында біздің есептеулер бар, 2030 жылға дейін 5 жыл уақыт бар. Бірінші фактор, әрине мұнай өндіру көлемі. 2030 жылға қарай ол шамамен 105 млн тонна көлеміне жетеді, бұл ретте біз күтетін орташа баға барреліне 75 доллар деп отырмыз», - деді Нұрлан Байбазаров Мәжілістің жалпы отырысында 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджетті талқылау барысында. 

Министрдің айтуынша, Ұлттық қорды сақтау мен жетілдірудің екінші факторы – қаржыны үнемдеу. 

«Бұл көрсеткішке қол жеткізу үшін біз 2026 жылдан бастап Ұлттық қордан алынатын қаржы көлемін 5 5 млрд долларға дейін төмендетуіміз керек. Осы екі негізгі фактор мақсатқа жетуге жол сілтейді», - дейді ол. 

Сондай-ақ, Нұрлан Байбазаров Үкімет трансферттерді бюджет кірісі есебінен қаржыландыру үшін жұмыс істейтінін айтты. 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: