Главная Новости Ұлан Мұхамеджанов: Қазгермұнайдың кәсіби операторы
15 января 2026, 14:22 230

Ұлан Мұхамеджанов: Қазгермұнайдың кәсіби операторы

Ұлан Мұхамеджанов: Қазгермұнайдың кәсіби операторы

Ұлан Мұхамеджанов «Қазгермұнай» БК» ЖШС-нің Ақшабұлақ кен орнында тауар операторы болып жұмыс істейді. Ол суды алдын ала ағызу қондырғысының және мұнайды дайындау мен айдау цехының тұрақты жұмысына жауапты.

Ұлан мұнайды сапалы әрі оны үздіксіз дайындауды қамтамасыз етеді, су мен ілеспе газды айдау қызметін бақылайды, сондай-ақ мұнайды құбыр арқылы тасымалдау жұмысын қадағалайды.

Технологиялық процестердің тоқтап қалмауын және белгіленген нормалардан ауытқымауы үшін қорғаныс жүйесі, бақылау-өлшеу құралдары мен автоматиканың техникалық жай-күйін ұдайы тексеріп отырады.

Ұлан компанияда 2014 жылдан бері еңбек етіп келеді, ал мұнай-газ саласындағы жалпы жұмыс өтілі 15 жылдан асады. Оны әріптестері кәсібіне адал, мол тәжірибесін жастарға үйретуден жалықпайтын білікті маман ретінде жоғары бағалайды.

ҚазМұнайГаз: Еңбекке құрмет – корпоративтік мәдениетіміздің өзегі.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: