Главная Новости «Үлбі-ЖБҚ» зауыты жобалық қуатқа шықты
08 қаңтар 2025, 10:27 210

«Үлбі-ЖБҚ» зауыты жобалық қуатқа шықты

«Үлбі-ЖБҚ» зауыты жобалық қуатқа шықты

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ 2024 жылдың қорытындысы бойынша «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС Қазақстан-Қытай бірлескен кәсіпорны жылу бөлетін құрамалар түріндегі 200 тонна төмен байытылған уран өндірудің жобалық қуатына жеткенін хабарлайды.

«Үлбі-ЖБҚ» - Орталық Азия аумағында атом электр станциялары үшін отын шығаратын жалғыз өндіріс орны. Жобаны «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өзінің еншілес ұйымы «Үлбі металлургия зауыты» АҚ арқылы China General Nuclear Power Corporation компаниясымен бірлесіп жүзеге асыруда.

«Үлбі-ЖБҚ» ЖШС-те ядролық отын өндірісі 2021 жылдың қараша айында іске қосылды. Пайдалануға берілген сәттен бастап зауыт үш жыл ішінде жобалық қуатқа қол жеткізу кестесіне сәйкес өндіріс көлемін жоспарлы түрде арттырып отырды.

Өндірілетін өнімнің бәсекелестік артықшылығы оның сапасымен, уақытында орындалуымен және жеткізілім сенімділігімен анықталады. Осы зауытта өндірілген барлық жылу бөлетін құрамалар Қытайдың атом электр станцияларына жеткізіледі.

Жұмыстың үшінші жылының қорытындысы бойынша кәсіпорын 2024 жылы төмен байытылған уранға қайта есептегенде 200 тонна өнім өндіріп, алға қойылған мақсатты орындады. Бұл көлем алты ядролық реакторды қайта жүктеу үшін қажет ядролық отын мөлшеріне сәйкес келеді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: