Главная Новости Ұлттық банк EURO-2024 коллекциялық монеталарын айналымға шығарады
28 наурыз 2024, 17:42 591

Ұлттық банк EURO-2024 коллекциялық монеталарын айналымға шығарады

Ұлттық банк EURO-2024 коллекциялық монеталарын айналымға шығарады

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Спорт» сериясынан EURO-2024 коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.

Банктің баспасөз қызметі бүгін, 28 наурызда хабарлағандай, EURO-2024 коллекциялық монеталары Германияның MDM нумизматикалық компаниясымен әріптестік негізде дайындалды.

«Монетадағы футбол добы жер шарын бейнелейді. Допта чемпионат матчтары өтетін қалалар белгіленген Германия картасының контуры бейнеленген. Доптың сыртында турнирдің финалдық бөлігіндегі командалардың санын білдіретін 24 жұлдыз бар», делінген хабарламада.

Монеталар күмістен дайындалған, сынамасы – 925/1000. Монета массасы – 20 грамм, диаметрі – 32 мм, дайындау сапасы – proof және anti-proof. Монетаның номиналы – 100 теңге, жалпы таралымы – 2 500 дана. Қазақстанның ішкі нарығы үшін монета таралымы – 1 500 дана, сыртқы нарық үшін (жоба серіктесі – MDM нумизматикалық компаниясы) – 1 000  дана.

Айта кетейік, Еуро-2024 Германияда 14 маусым мен 14 шілде аралығында өтеді. Өткен жолы 2020 жылғы футболдан Еуропа чемпионаты Еуропаның әртүрлі елдерінде өтті. Италия құрамасы финалда Англия құрамасын пенальти сериясында жеңіп, чемпион атанды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: