Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қазақстанда барлық коммуналдық қызмет бойынша тариф өседі. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтып берді.
«Су бойынша тариф өте төмен. Өткен жылы БҚО-ға барғанымда бір текше су 44 теңге болған. Әрине, суды тиімсіз пайдалану болады. Егер моншаға барсаңыз судың ағыл-тегіл төгіліп жатқанын көресіз. Су – ең маңызды ресурс, сондықтан оны үнемдеу керек. Тариф өседі. Қазір су бойынша 200-500 теңге төленеді, мұнда агрессивті түрде көтеруге болады. Әйтпесе, еш үнемдеу болмайды», – деді Әлібек Қуантыров Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Министрдің айтуынша, тарифтер жыл сайын түзетіліп отырады, өйткені тарифтік бағдарлама жеті жылға созылады.
«Мұнда бәрі біртіндеп жасалады, халық пен бизнес үйреніп, инфляцияға сәйкес келуі керек. Мердігерлер мен құрылыс ұйымдары физикалық тұрғыдан бәрін жаңарта алуы қажет. Бұл негізінен сумен жабдықтау, су бұру үшін жасалады. Көше жұмыстары секілді маусымдық жұмыстарды қыста жүргізу қиын. Орташа алғанда, кейбір субъектілер мен ТКШ түрлері бойынша тарифтер 10-15% өсуі мүмкін. Белгілі бір шектен асырмауға тырысамыз. Әйтпесе, әлдеқайда жоғары өсім болар еді. Тек инфляцияны ұстап тұру керек», – деп түсіндірді ол.
Тарифтің өсуі барлық қызмет түрлерін қамтиды, өйткені барлық инфрақұрылымның тозуы байқалады.
«Әсіресе кәріз жүйесі қатты тозған, ал төленетін ақысы өте аз. Орташа алғанда, екі бөлмелі пәтер кәріз үшін 200 теңге төлейді. Мұны көтеру керек. Тарифтің жалпы өсуінің қалтаға салмақ салмауын да ескереміз. Сонымен қатар, биыл тағы 40 мың отбасына тарифтердің өсуі үшін өтемақы төлеу жоспарлануда. Бұрын тарифтер отбасы табысының 20 пайыздан астамына жетсе, өтемақы берілетін. Қазір бұл шек 10 пайызға дейін төмендетілді. Яғни көбірек отбасыны қамтимыз», – деді Әлібек Қуантыров.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
110
12 декабря 13:01
АО «Самрук-Қазына» снова в числе лидеров нефинансовой отчетности
111
11 декабря 22:17
Кто работает на ПНХЗ: прибористы