Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Нұрлы жол» вокзал кешені персоналды басқару бөлімінің менеджері Айдана Сүлейменованың керемет өнері – көздің жауын алатын құрақ көрпелер тігеді. Бұл өнерді ол коронавирус пандемиясы кезіндегі карантин уақытында қолға алыпты.
Жұмыс тоқтап, үйде отырған кезде ол туған жері Ақтөбеге кетеді.
«Сол жақта уақытша жұмыссыз жатқандықтан өзіме хобби ретінде осы өнерді таптым. Анам әжем жинаған 2 қапшық қалған-құтқан маталарды берді. Ютубтан қарап отырып, кесіп-пішіп, құрақ тіге бастадым, өз бетімше үйрендім. Карантин кезінде 2 айдың ішінде 7 көрпе құрап шықтым. Одан кейін неше түрлі курстар сатып алып, қазіргі заманауи үлгідегі құрақ көрпелерді тіге бастадым. Құрақ көрпеден басқа киім тігемін, тоқыма тоқимын. Анам «қолөнер – қыздың қолы, үйрен» деп отырады. Басқа да ұлттық өнерден құр алақан емеспін. Жалпы қолөнерге деген қызығушылық нағашы әжемнен де, туған әжемнен де дарыған», – дейді өнерлі теміржолшы.
Ақтөбеде дүниеге келген ол теміржолдан жоғары білім алған соң елордаға келіп қызметін вокзалда кезекші болып бастаған. Бүгінде кадр қызметінде, жұмысы қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, шығару, еңбек демалысын берумен байланысты.
«Жалпы кадр бөлімі болғандықтан 100 пайыз қызметкерлермен тікелей жұмыс істейміз. Қазір бізде 300-ден астам қызметкер бар. Солардың ай сайынғы еңбек демалысы, жұмысқа қабылдануы, материалдық көмек көрсету, бала туу, отбасын құру, медициналық сақтандыру, балаларына жолдама беру, медициналық тексеруге жіберу, соны қадағалау, әлеуметтік тепе-теңдікті сақтау, қоғамдық іс-шараларға белсене қатысу, ұжымдық рухты көтеруге атсалысу сынды кадр бөлімінің жұмыстары жеткілікті, әр кезде жұмысшылардың мәселелерін шешуге тырысамыз», – дейді Айдана.
Райхан Рахметова
Дереккөз: «Қазақстан теміржолшысы»
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
175
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде
106
03 декабря 17:46
АлЭС ищет таланты: ярмарка вакансий в ALT Университете